Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Дилфизо мен Донада

admin

«Дилфизо мен Донада»

Драма

Автор: Ольга Малышева

Режиссер: Карина Бесолти
Аударған: Алишер Рахат
Композитор: Фати Бесолти
Суретші: Дмитрий Горбас
Видеосуретші: Дмитрий Соболев

«Дилфизо мен Донада» спектаклі бір-бірінен бірнеше мың шақырым қашықтықта және бірнеше жүз жылдық уақытқа созылған екі әйелдің оқиғаларын баяндайды. Бірақ, олардың тағдырлары әртүрлі дәуірлерде және әлемнің әр түкпірінде өмір сүргендеріне қарамастан, бір-бірін мистикалық дәлдікпен қайталайды. Драматург Ольга Малышева өз пьесасында сюжетті тура мағынада екі бөліп, кесіп тастайды. Ал, «Дилфизо мен Донада» спектаклі қойылымда суреттелген оқиғаны қайталай ма, жоқ па, ол тек көрерменнің таңдауына байланысты.