Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Жаңалықтар

БАЛАЛАР СПЕКТАКЛЬДЕРІНІҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

Ұлыстың ұлы күні мен Халықаралық театр күнінде Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында алғаш рет «Алтын сақа»балалар спектакльдері фестивалі өтеді, – деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

«Бала тәрбиесі – бұл ата-аналардың ерекше азаматтық борышы» деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай бала тәрбиесі қашанда маңызды міндеттеріміздің бірі болып табылады. Ал, ертегінің театр қойылымдары арқылы сахнада көрініс табуы – жас ұрпаққа рухани, патриоттық тәрбие беруде маңызы орасан. Театрымыздың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында, алғаш рет «Алтын сақа» атты балалар спектакльдерінің фестивалі ұйымдастырылып отыр», – делінген театр баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Фестиваль қатысушылары Байділдә Қалтаев атындағы «Ең үздік ер адам бейнесі үшін», Аққағаз Мәмбетова атындағы «Ең үздік әйел бейнесі үшін», Қасым Жәкібаев атындағы «Ең үздік қосалқы рөлдегі ер адам бейнесі үшін», Әминә Өмірзақова атындағы «Ең үздік қосалқы рөлдегі әйел бейнесі үшін», «Ең үздік эпизодтық рөл»,  «Эпизодтық рөлдегі актерлық шеберлігі үшін», «Көрермендер көзайымы», «Ең үздік дебют»номинациялары бойынша марапатталмақ.

Фестивальдің ашылуына орай баспасөз мәслихаты 24 наурыз күні Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында сағат 10.00-де өтеді.

«Қамшы» сілтейді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

“Жаңа күн” бағдарламасында актер Данияр Базарқұлов, режиссер Ерлан Кәрібаев қонақта.

admin

Құрметті əріптестер! Қуаныштарыңыз құтты болсын! Қазақ театры жасасын!!!

admin

Мүсірепов театры Таразда өтетін “Тұңғышбай Әл-Тарази Таразға шақырады” фестиваліне жолдама алды

admin