Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

БАЯНСЫЗ  БАҚ

admin

Вина ДЕЛЬМАР
ауд. Қалтай Мұхамеджанов

БАЯНСЫЗ  БАҚ ( драма )

Қоюшы-режиссері Фархад Молдағали,  «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
Қоюшы-суретшісі –  Нұржан Сәменов
Киім үлгілерінің суретшісі – Алма Сырбаева
Әрбірімізге, бақыт қана лайық. Бұйырған бақты баянды, жарқын ететіндер бар. Одан айырылып, көз жазып қалатындар да табылады.
“Өз балаңыз өзектен теппесін” дейді, перзенттен қайыр көрмеу де қорлық. Ұл-қыздың ата-анасына деген соңғы шешімі қандай болмақ?..
Жарасқан жұптар ғұмырлық болғанға не жетсін!?.. 50 жыл бірге, кенет… Ал, ары қарай, қойылымды көзіңізбен көріп, ой түю — өз құзыретіңізде, қадірлі көрермен!
Спектакльдің  премьерасы: 7 қараша,  2020 жыл