Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

ҚАЗАҚТЫҢ «ҚҰЛАГЕРІ» МӘСКЕУДЕ!

ҚАЗАҚТЫҢ «ҚҰЛАГЕРІ» МӘСКЕУДЕ!

«ҚҰЛАГЕР» поэмасы қазақ театры тарихында ең алғаш болып Ғ.Мүсірепов театрының сахнасында қойылғаны көпшілікке мәлім. Ал, қазіргі таңда еліміз Мүсірепов театры арқылы ЕҢ АЛҒАШ РЕТ 20 мамыр мен 8 қазан аралығында өткізілетін А.Чехов атындағы Халықаралық театр фестивалінің ҚАТЫСУШЫСЫ АТАНБАҚ!

1992 жылы театр одақтарының Халықаралық конференциясы қолдауымен құрылған фестивальдің басты мақсаты – көрермендерге әр елдің қойылымдарының ең таңдаулыларымен таныстыру болып табылады.

Фестиваль тарихына көз жүгіртетін болсақ, әлемнің 54 елінен 600 ден астам қойылым көрсетілген. Ерекшелігінің бірі – фестиваль аясында театрлық көше бағдарламасы ұйымдастырылады. Қатысушылар қаланың әртүрлі аудандарындағы ашық алаңдарда өнер көрсетеді.

Сүйікті театрларыңызға сәттілік тілеп, Құлагердей сайгүліктің тақымын қысып отыруға мархабат!

Сәйкес жаңалықтар

“Еркекше”: 50 жасқа толған танымал актер мерейтойын қалай өткізеді

admin

Бүгінгі “Кейіпкер келбеті” мейман бұрышының алғашқы қонағы “Дарын” мемлекеттік сыйлығының лауреаты Айгүл Иманбаева көрермендер сырлы сұхбаттасты. 23.10.2015ж

admin

Қанат Ысқақов Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі болып тағайындалды

admin