Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

Қазақстан Театр қайраткерлері Одағы дәстүрлі «Еңлікгүл-2025» кәсіби сыйлығын табыстады

Қазақстан Театр қайраткерлері Одағы дәстүрлі «Еңлікгүл-2025» кәсіби сыйлығын табыстады

12 желтоқсан Қазақстан Театр қайраткерлері Одағы дәстүрлі «Еңлікгүл-2025» кәсіби театр сыйлығын табыстады.

Театрымыздың дарынды жас артисі Шағуан Үмбетқалиев «Гамлет. Соңғы күндер» спектакліндегі Горацио және «Ревизор» спектакліндегі Петр Иванович Добчинский рольдері үшін «ЕҢ ҮЗДІК ЖЫЛ АКТЕРІ» жүлдесіне лайық деп танылды.

Хореограф Салтанат Беймишева «Раечка», «Сені сүйем…», «Гамлет. Соңғы күндер» спектакльдеріндегі еңбегі үшін «ЕҢ ҮЗДІК ДРАМАЛЫҚ СПЕКТАКЛЬДІҢ БАЛЕТМЕЙСТЕРІ» атанды.

Қазақстан Театр қайраткерлері Одағы дәстүрлі «Еңлікгүл-2025» кәсіби сыйлығын табыстадыТеатртанушы Бейбіт Әлкеева актер Сағызбай Қарабалинге арналған «Бекзат болмыс иесі. МАСАДАН КОРОЛЬГЕ ДЕЙІН…» зерттеу кітабы үшін «ЖЫЛДЫҢ ТЕАТРТАНУШЫЛЫҚ МАҚАЛАСЫ» номинациясына ие болды.

Қазақстан Театр қайраткерлері Одағы дәстүрлі «Еңлікгүл-2025» кәсіби сыйлығын табыстады

Сәйкес жаңалықтар

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

admin

86 жылғы оқиға – Қазақ халқының басынан өткен небір нәубеттің нүктесі іспетті. Сол нүкте қойылып, елімізде бейбіт, тыныш заман орнады. Тәуелсіз ел болдық. Өз басшымыз, өз туымыз, өз әнұранымыз болды. Сол оқиғадан кейін қазақ дейтін өр халықты танитын болды әлем. Құрметтейтін, бас иетін болды. 86 жылы алаңға шыққан сол кездегі жастар – қазірде ұрпағын Тәуелсіз елде тәрбиелеп отырған бақытты жандар десек те, ол оқиға бұл кісілердің жүрегіне өшпес жара салған, ең қорқынышты да, қиын кезең болып естерінде қалып отыр. Жазықсыздан жазықсыз, қыршыннан қиылған жап-жас жолдастарынан көз алдында айрылып қалу – ешқашан ұмытылмаса керек. Наркомандар, бұзақылар деп түрмеге жапқанда, жазықсыз екендіктерін дәлелдей алмай ашынған шығар. Желтоқсан оқиғасына қатысып, Тәуелсiздiк үшiн күрескен аға-әпкелерiмiз, атап айтсақ, Республикалық “Желтоқсан-86″ Тәуелсiздiк қырандары” Халық қаһармандары қозғаласы төрайымы – Жүнiс Гүлбаһрам Есмұратқызы, “Желтоқсан-86” Республикалық тәуелсiздiк күрескерлерi – Сейтiмбет Үсiпхан ағамыз бен Сейтiмбет Гүлнар апамыз бүгiн #КейiпкерКелбетiмейман бұрышында қонақ болып, көрермендердiң сұрақтарына жауап бердi. Кездесуден естелiк суреттер.

admin

ДУБЛЯЖ ПАДИШАСЫ. Қазақстанның халық әртісі Мұхтар Бақтыгереевті ел әлі де осылай атайды

admin