Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Мекеме жаңалықтары

«АЛТЫН САҚА» жаңа қойылымдардың театрішілік ФЕСТИВАЛІНЕ шақырамыз!

27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай өткізілгелі отырған «АЛТЫН САҚА» жаңа қойылымдардың театрішілік фестивалі   23-ші наурыз күні, сағат 15:00-де РЕСМИ АШЫЛУ САЛТАНАТЫМЕН бастау алады.

            Театрішілік фестиваль өткізу арқылы, жылдық репертуарға шолу жасау, жаңа бағыттарды игеру арқылы шығармашылық ұжымның әлемдік аренаға талпыныс жасауына ықпал ету біздің басты мақсаттарымыздың бірі болып табылады.

Қазылар алқасының құрамы театр саласының көрнекті де кәсіби білікті қайраткерлерінен – актер, режиссер, сыншылардан құралған. Фестивальге 2022-2023 жыл аралығында тұсауы кесілген спектакльдер қатысатын болады: «Оян қалыңдық», «Король Лир», «Ақ кеме», «Дилфизо мен Донада», «Ойнайық та ойлайық», «Сырымды саған айтамын», «Болмаған балалық шақ». Сәйкесінше, аталмыш спектакльдерде оза шауып, өз талантымен таңқалдыра білген өнерпаздарға «Ең үздік ер адам бейнесі», «Үздік әйел адам бейнесі», «Үздік эпизод», «Үздік дебют», т.б. марапаттар табысталады.

Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және театр өнерінің даму үрдісіне қомақты үлес қосу мақсатында өткізіліп жатқан бұл ауқымды шараға ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Әминаның күлкісі

admin

Жастар театры бүлдіршіндерді қуантып қайтты.

admin

Актриса болғысы келiп, театр сахнасында роль ойнауды армандап, ата-анасының қалауымен басқа салада бiлiм алып жүрген батыл көрерменнiң бүгiн бiр арманы орындалды. Сүйiктi артiстерiнiң қасында, өздерi армандаған киелi сахнада өзiн актриса ретiнде сезiнген қос аруға арнайы сый да табысталды. #АйтылмағанМахаббат — в Тюз Им.габита Мусрепова.

admin