Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Мекеме жаңалықтары

«БОЛМАҒАН БАЛАЛЫҚ ШАҚ» спектаклінің ПРЕМЬЕРАСЫ

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында НАУРЫЗДЫҢ 21,22-і күндері «БОЛМАҒАН БАЛАЛЫҚ ШАҚ» спектаклінің ПРЕМЬЕРАСЫ өтеді.

Қойылым қазіргі таңда көптеген жастардың арасында танымалдылыққа ие болып жүрген Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» шығармасының желісі бойынша сахналанады. Жанры – хикаят. Аталмыш спектакльге ҚР «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының иегері, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегері және UMAI ұлттық сыйлығының иегері Фархад Молдағали режиссерлік етті. Қоюшы композиторы  – бүгінгі таңда көпшіліктің көңілінен ерекше орын алған «Махаббат, қызық мол жылдар» спектаклін әнмен әрлеген Ербол Нариманұлы.

Қоғамда тағдыр тауқыметін кешіп, тірі жетім болып өмір сүрген және сүріп жатқан жандар аз емес. Алдайда соншама қиындықтардан тұратын ауыр жолды жеңіп өз жарқын болашағын жасағандар да бар. Қос жанарға жас келтіріп, жүректі қозғай тұра жақсы күндерден күдер үзбеуді үйрететін бұл спектакльдің көрерменге берері мол екеніне зор үмітпен сенеміз.

Аталмыш спектакльде көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп жүрген  ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Райхан Қалиолдина, Сәкен Рақышев, Тынышкүл Сұлтанбердиева және Нұргүл Мыңғатова, Ақмарал Дайрабаева сынды әртістер басты рөлдерді сомдайтын болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Алматы «Метрополитені» КМК ұйымдастыруы

admin

Назарбаев: Домбра – паспорт и бренд казаха

admin

Мұз үстіндегі махаббат

admin