Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтарыЖаңалықтар

«Алтын сақа» балалар спектакльдерінің фестивалі басталды

Алматыда «Алтын сақа» балалар спектакльдерінің фестивалі басталды. Іс-шараны Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры ұйымдастырып отыр.  Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отырған әзірге ішкі фестиваль болғандықтан, Мүсірепов театрында сахналанған жеті қойылым қасытуда. Қазылар алқасы да – театрдың өз мамандары. Балалар мен жасөспірімдер театрының 70 жылдығына орай қолға алынған фестиваль «Наурыз-Думан» атты музыкалық ертегімен басталды.  «Ең үздік ер адам бейнесі», «Ең үздік әйел бейнесі» және «Ең үздік дебют» сынды бірқатар аталымдар бойынша жүлде тағайындалған. Театр басшылығы «Алтын сақа» фестивалін дәстүрлі шараға айналдыруды, мемлекет қолдап жатса, тіпті республикалық деңгейде өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.   Мұрат Ахманов, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі  -Бұның негізгі мақсаты – көркемдік деңгейді көтеру. Режиссерлар да, көбінесе балаларға қойылған қойылымдар да көбінесе талпыныс болмай жатады. Сол деңгейді көтеру үшін жоғары деңгейде өткізуге тырысамыз.

Ақпарат көзі: http://khabar.kz/kz/news/m-deniet/item/50795-altyn-sa-a-balalar-spektaklderini-festivali-bastaldy

Сәйкес жаңалықтар

13 қараша күні Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында өткен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері”Дарын”мемлекеттік сыйлығының иегері,керемет әнші,тамаша актриса еліміздің елеулі,халқымыздың қалаулы ерке қызы Әсел Мәмбетова ханыммен тамаша сұхбаттасу болды!!рахмет.

admin

«МАХАББАТ ХАТТАРЫ» ДРАМАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ!

admin

Бүгінгі ертегіні тамашалауға келген Іле ауданы бала-бақшасының тəп-тәтті балапандары. Бала-бақша ұжымы мен балақайлардың ата-аналарына шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Театрдың бала тәрбиесінде алатын орны ерекше екенін Іле ауданынан келген көрермендеріміз тағы бір дәлелдеп берді. Қара шаңырағымыздың тәрбиелік мәні зор қойылымдары мен ұлтымыздың мәдениетін, дəстүрін бойына сіңіріп өскен балалар – болашағымыздың жарқын бейнесі!!! Бүлдіршіндеріміз аман болсын!

admin