Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Алматыда Әмина Өмірзақованың 100 жылдығы тойланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына арналған «Ана туралы аңыз» атты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әмина Өмірзақова сомдаған рөлдер қазақ халқының кім екенінін нағыз айқындаған ең бір керемет образдардың шығуы болды. Халықаралық деңгейде, сол кездегі  бүкіл одақтық кинофестивалінің ең үздік әйел рөлін сомдаған жүлдені алғаны сол кездегі ең үлкен қуаныш. Өздеріңіз білесіздер, халықаралық ең бір мықты деген Кан кинофестивлінде ең үздік әйел рөлін сомдаған Самал Еслямова жеңіске жеткен болатын. Оның бәрі ұрпақтан-ұрапаққа деген тектіліктің жалғасы деуге болады», – деді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Еске алу кешінде Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Азамат Сатыбалдыұлы сөз сөйлеп, текті өнерді серік етіп «аңыз ана» атанған тұлға туралы айтты.

«Бұл бір театр ғана, тетаырға қатысы бар адамдардың мерекесі ғана емес иісі қазақтың мерекесі деп ойлаймын. Өйткені Әмина апамыз қазақтың өнерін асқақтатып кино мен театр өнерінде өзінің орнын қалдырған тұлғалардың бірі әрі бірегейі», – дейді театр директоры.

Еске сала кетсек, Қазақстанның халық әртісі Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетіні жайлы осы жылдың басындахабарланған болатын.

Авторы: Үмітбек Бағдатұлы

Ақарат көзі: https://lenta.inform.kz/kz/almatyda-amina-omirzakovanyn-100-zhyldygy-toylandy_a3507978

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Текті туған «Телғара»

admin

Незабытые стихи

admin

Қазақстанда «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығына конкурс жарияланды

admin