Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

Айбек Сыдықов ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айбек Жексенәліұлы Сыдықов мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Еңбек жолын 2006 жылы «Алматы қаласы тарихы музейі» КМҚК-да экскурсия жүргізушісі болып бастаған.

2007–2015 жылдары — «Алматы қаласы тарихы музейі» КМҚК ғылыми қызметкері, директордың орынбасары, директоры.

2015–2016 жылдары — «Алматы қаласы музейлерінің бірлестігі» КМҚК директоры.

2016–2022 жылдары — «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы мемлекеттік музейі» РМҚК мұражай бөлімінің басшысы, директордың орынбасары.

2022–2025 жылдары — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК директорының орынбасары.

2025 жылдың қаңтарынан бастап ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі.

Сәйкес жаңалықтар

Мəдениет министрлігі мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ  меморандум жасасты

admin

Ғабит Мүсірепов атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры жаңа маусымын бастады

admin

Елбасы Арыстанбек Мұхамедиұлына бірқатар нақты тапсырма жүктеді

admin