Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

«ҰЛПАН» – ЖЫЛ ҚОЙЫЛЫМЫ АТАНДЫ!

Қазақстан «Театр сыншыларының бірлестігі» жылдың үздік театрлық туындылары мен дарын иелерін анықтау мақсатында театртанушы мамандар кәсіби түрде қорытынды жасап, «Сыншылар жүлдесін» табыстайды.

Сыншылардың әділ сараптауынан өтіп, үздіктер арасынан топты жарған 2024-ші жылдың ең үздік «ЖЫЛ ҚОЙЫЛЫМЫ»жүлдесіне театрымыздың репертуарындағы – «Ұлпан» (авт.:Ғ.Мүсірепов, реж.Г.Балпеисова» лайық деп танылды!

Мөлдір өнерге пәк махаббатын арнап, жыл бойы ерекше еңбек еткен шығармашылық ұжымды кезекті жеңіспен құттықтаймыз! Сіз бен біз бірге қарсы алар мерейлі сәттердің мол болатынына сенімдіміз

Сәйкес жаңалықтар

MX Theme Online

admin

Театрдың 70-ші маусымы 7 жаңалыққа ұласады

admin

10 қараша күні “Кейiпкер келбетi” мейман-бұрышының қонақтарымен болған сырлы сұхбат өз дәрежесiнде өттi. Әртiстер өздерiнiң сүйiктi көрермендерiнiң қиын да, қызық сұрақтарына барынша шынайы жауап берiп, аяқ асты бiлдiрiлген өтiнiштерiн жерге тастамай, ән айт десе ән айтып, роль ойна десе, оған да саспай, барынша корермендерге әдемi, сырлы сұхбат ұсына бiлдi. Әзiлi жарасқан актерлар – бiздiң – фан-клубтың дайындаған күтпеген тапсырмасын да ойдағыдай алып шықты. Бүгiн келген барлық көрермендердiң атынан шынайы, әдемi, әсерлi сұхбаттары үшiн актерларға үлкен рахмет айтамыз! Қысылмай, еркiн өз ойларын айтып, сұрақ қойып, сұхбаттың қызықты өтуiне үлес қосқан барша көрермендерге де алғысымыз шексiз! Театрда жүздесейiк!!!

admin