Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Жаңалықтар

Ғабит Мүсірепов театрында “Құлагер” спектаклінің премьерасы өтті

Спектакль барысында көздеріне жас алғандар да болды

Қазақта Құлагерді көп айтады. Ғабит Мүсірепов атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында “Құлагер” спектаклінің премьерасы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Саунтдрама жанрындағы қойылымды дайындауға бір жылдам астам уақыт кеткен екен.  Режиссер  спектакльде “Құлагер” арқылы қазақ арыстарының болмысын барынша бүкпесіз көрсетуді басты мақсат еткенін айтады.

«Осы спектакль арқылы жалғыз Құлагердің, я да  Ақанның ғана тағдырын емес, бүкіл қазақтың тағдырын, Алаш орданың кезінде өмір сүрген шын жүйріктердің өміріне астармен қарап, соларды көрсету мақсатында қойылған спектакль», – деді  «Құлагер» спектакльінің режиссёрі Фархат МОЛДАҒАЛИ.

Премьераға келгендер көп. Тіпті орын жетпегендер екі сағат бойы тік тұрып тамашалады. Көрермендердің сөзінше, қойылым жоғары деңгейде шыққан. Спектакль барысында көздеріне жас алғандар да болды. Қойылым соңында рухани демалып қайтқандарын айтты.

Ақпарат көзі: https://almaty.tv/kz/news/kultura-i-shou-biznes/1504-gabit-musirepov-teatrynda-kulager-spektaklinin-premerasy-otti

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

14 қараша күні көптен күткен кеш өз деңгейiнде өттi. Нағыз актердiң iшкi жан әлемiн, көрермендерге деген шынайы сезiмiн, махаббатын жеткiзуге тырысқан әдемi, әсерлi, ұмытылмас кеш болды. Олар көрермендерiне айтпайды махаббатын… сезiндiредi, бiлдiредi. Лирикалық кешпен басталып, көрерменнiң бiразын мұңға батырып барып, әдемi әзiлмен қыран-топан күлкiге қарық қылды. Бүгiнгi кеш – әртiстер мен көрермендердi бiр-бiрiне жақындата түскен ерекше кеш болды. Олар көрермендерге шынайы махаббатын сездiрсе, көрермендер олар күткен риясыз сүйiспеншiлiкпен қол соқты. Ризалығын бiлдiрдi. Барлығыңызға үлкен рахмет! Еңбектерiңiз жансын! Бiз сiздердi жақсы көремiз!

admin

“Әйел сыры” бағдарламасының қонағы Қазақстанның халық артисі Роза Әшірбекова

admin

23 қазан күні театрымыздың балетмейстері Ринат Билибаевтың туған күні. Шын жүректен құттықтаймыз! Зор денсаулық, ұзақ өмір, шығармашылық биіктер тілейміз!

admin