Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

«Ақбілек. Түс»

admin

«Ақбілек. Түс»

Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романының желісі бойынша

Өскеменнің ар жағында, Бұқтырманың оң жағында әлемге аян Алтай бар. Сол Алтайға көрші ел – алып Империяда азамат соғысы басталды. Бір қарыннан шыққан бауырлар бір-бірін жағадан алысты, оқ атысты, қан төгісті. Ақтар мен қызылдар болып бөлінді. Ал, Алтайда оның бірі де жоқ, жұмақтай тамылжыған тұнық еді. Сол өңірдің қормал байы Мамырбайдың жалғыз қызы, жас түлегі Ақбілек ауыл-аймақтың көз құртын жеген хас сұлу болып өсті. Алтайға үлкен қауіп төнді, қызылдардан қашып ақтар ауылға шапты. Мамырбайдың Ақбілегі жаудың қолында кете барды. Алтайдың желаяғы Ескендір дуана Ақбілекті құтқара ала ма? Ендігі тағдыры не болмақ?

Инсценировка авторы – Сағадат Ордашева, Айрат Абушахманов
Режиссер – Айрат Абушахманов
Суретші – Альберт Нестеров
Хормейстер – Анель Сіргебаева
Хореограф – Салтанат Беймишева
Композитор – Аманжол Ержанұлы
Жарық суретшісі – Сергей Гаевой
Жас шектеуі – 12+
Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут