Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі
1952 жылы 5 наурызда Алматы облысы, Бөрлітөбе ауданы, Үлгі ауылында дүниеге келген.
1969-1973 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының актерлық бөлімін бітірді.
1973 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етіп келе жатыр.
Ойнаған рөлдері:
С.Сейфуллин «Қызыл сұңқарлар» – адьютант, Ж.Тәшенов, И.Сапарбай «Іске сәт» – кішкентай Алтай, Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты» – елші, Б.Мұқай «Қош бол, менің ертегім» – Мұрат, Ә.Тарази «Жақсы кісі» – Марат, С.Жүнісов «Жаралы гүлдер» – Бақыт, Қ.Жетпісбаев «Алты атарында» – Қуат, Ж.Тәшенов, И.Савин « Студенттер» – Ұлтарақ, М.Хасенов «Пай,пай жас жұбайлар-ай!» – Бекзат, Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Тюрянчик, Ә.Таусаров «Аса құрметті ИКС» – Айдабол, М.Байджиев « Қожас, жас мерген» – Арық, Т.Минуллин «Диляфруздың төрт күйеуі» – Шәкір, С.Балғабаев « Қазақша күрес» – Құдайберген, Ғ.Мүсірепов «Ұлпан-Есеней»- Тілемес, Д.Исабеков «Ескерткіш операциясы» – Әштен Желдібаев, С.Сматаев «Зар заман» – Қоштай, Е.Аманшаев «1001-ші түн» – Әбілқасан, В.Ежов «Бұлбұлдар түні» – Кузовков, Т.Теменов «Мулен Ружға шақыру»- Серж, М.Әуезов «Ай Қарагөз» – Жабай, Ж.Солтиева «Сағым қуғандар»-молда, Т.Ахтанов «АНТ» – Мыртық би, т/б.
Балаларға арналған спектакльдерде:
Т.Алшынбаев «Керқұла атты Кендебай» – Тор, Дию, Л.Симонов «Алтын дәннің құпиясы» -Тышқан ата, Е.Аманшаев «Қыр астындағы сол бір ғажайып әлем» – Жафар, А.Сейдімбек, А.Ашимов « Күннің қызы Күнікей» – Сақалды, т/б.
Кәдірбек Демесін республика жұртшылығына «Тамаша» ойын-сауық отауы арқылы кеңінен танымал актер.
Мемлекеттік марапаттары:
1996ж. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі»
2007ж. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері,
2016 ж. «ҚР Тәуелсіздікке 25 жыл» медалі,
2017 ж. «Құрмет» орденінің иегері;