Казахский Государственный Академический театр для детей и юношества имени Габита Мусрепова

Кәдірбек Демесін

admin

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі

%d0%ba%d3%99%d0%b4%d1%96%d1%80%d0%b1%d0%b5%d0%ba-%d0%b4%d0%b5%d0%bc%d0%b5%d1%81%d1%96%d0%bd1952 жылы 5 наурызда Алматы облысы, Бөрлітөбе ауданы, Үлгі ауылында дүниеге келген.
1969-1973 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының актерлық бөлімін бітірді.
1973 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ  мемлекеттік  балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етіп келе жатыр.
Ойнаған рөлдері:
С.Сейфуллин «Қызыл сұңқарлар» — адьютант, Ж.Тәшенов, И.Сапарбай «Іске сәт» — кішкентай Алтай, Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты» — елші, Б.Мұқай «Қош бол, менің ертегім»  — Мұрат, Ә.Тарази «Жақсы кісі» — Марат, С.Жүнісов «Жаралы гүлдер»  — Бақыт, Қ.Жетпісбаев «Алты атарында»  — Қуат,  Ж.Тәшенов, И.Савин « Студенттер» — Ұлтарақ, М.Хасенов «Пай,пай жас жұбайлар-ай!» — Бекзат, Т.Ахтанов «Күшік күйеу» — Тюрянчик,  Ә.Таусаров «Аса құрметті ИКС» — Айдабол, М.Байджиев « Қожас, жас мерген» — Арық, Т.Минуллин «Диляфруздың төрт күйеуі» — Шәкір, С.Балғабаев « Қазақша күрес» — Құдайберген,  Ғ.Мүсірепов «Ұлпан-Есеней»- Тілемес, Д.Исабеков «Ескерткіш операциясы»  — Әштен Желдібаев, С.Сматаев «Зар заман»  — Қоштай,  Е.Аманшаев «1001-ші түн» — Әбілқасан, В.Ежов «Бұлбұлдар түні» — Кузовков,  Т.Теменов «Мулен Ружға шақыру»- Серж, М.Әуезов «Ай Қарагөз» —  Жабай, Ж.Солтиева «Сағым қуғандар»-молда, Т.Ахтанов «АНТ» — Мыртық би,  т/б.
Балаларға арналған спектакльдерде:
Т.Алшынбаев «Керқұла атты Кендебай» — Тор, Дию, Л.Симонов «Алтын дәннің құпиясы» -Тышқан ата, Е.Аманшаев «Қыр астындағы сол бір ғажайып әлем» — Жафар, А.Сейдімбек, А.Ашимов « Күннің қызы Күнікей» —  Сақалды, т/б.
Кәдірбек Демесін республика жұртшылығына «Тамаша» ойын-сауық отауы арқылы кеңінен танымал актер.
Мемлекеттік марапаттары:
1996ж. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі»
2007ж. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері,
2016 ж. «ҚР Тәуелсіздікке 25 жыл» медалі,
2017 ж. «Құрмет» орденінің иегері;