ҚазақстанРеспубликасының еңбек сіңірген артисі
1953 жылы 5 тамызында Алматы облысы, жамбыл ауданы, Қаракестек ауылында дүниеге келген.
1970-1975 жылдары Алматы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваторияның актерлік бөлімін бітірген.
1975-1997 жылдар Талдықорған облыстық қазақ драма театрында еңбек етті.
1997 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етіп келе жатыр.
Ойнаған рөлдері:
Талдықорған театрында:
Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» -Баян, «Ақан сері –Ақтоқты»- Ақтоқты, «Ұлпан» -Ұлпан, В.Ежов «Бұлбұлдар түні» – сержант Ниночка, Ш.Айтматов «Арманым – Әселім» – Хадиша, «Жәмила» – Жәмила, «Ақ кеме»- Бұғы ана, Бекей, М.Әуезов «Қарагөз» – Қарагөз, «Абай» – Ажар, «Еңлік-Кебек» – Еңлік, Н.Хикмет «Елеусіз қалған есілдер» -әйел, А.П.Чехов «Дядя Ваня» – Елена Андреевна, А.Фадеев «Жас гвардия»- Любовь Щевцова, Б.Майлин «Шұға» – Шүға, Гүлзина, О.Бодықов «Жер тағдыры»-Зылиха Тамшыбаеваның протатип, С.Жүнісов «Қысылғаннан қыз болдық»-Айгүл, Қ.Ысқақ «Таңғы жаңғырық» – Бақтығұлдың әйелі», А.Вампилов «Сүйінші, табылды, табылды!» – Нина, Т.Қалилаханов «Алтын бесік»-Гүлдариға, Қ.Мұқашев «Дала дастаны» – Мақпал, Д.Исабеков «Әпке» – әпке, К.Әбдірахманов «Қара керек – Қабанбай» – Гауһар, О.Бөкеев «Құлыным менің» – Анар, А.Сейдімбеков «Қош бол, Ардағым!» – Ардақ, Т.Есімжанов «Жолда қалған жолаушы» – Ұлтуар, У.Шекспир «Асауға-тұсау» – Катарина, І.Жансүгіров «Исатай мен Махамбет» – Фатима, т/б.
Ғ.Мүсірепов театрында:
Д.Исабеков «Ескерткіш операциясы» – Әштеннің әйелі, Б.Жәкиев «Әке тағдыры» – Бурыл, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Мақпал, И.Вовнянко «Стриптизердің өлімі»- прокурор, Т.Ахметжан «Екі жүрек»-З.Зульханова, С.Асылбекұлы «Желтоқсан желі» -Талшын, Б.Мұқай «Шындық детекторы» – Нүрия, И.Ғайып «Естайдың Қорланы» – Қорлан, т/б.
Мемлекеттік марапаттары:
1991ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген артисі»
2011ж. «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» медалімен марапатталған.
2016 ж. «ҚР Тәуелсіздікке 25 жыл» медалі;