Казахский Государственный Академический театр для детей и юношества имени Габита Мусрепова

Жібек Лебаева

admin

ҚазақстанРеспубликасының еңбек сіңірген артисі

%d0%b6%d1%96%d0%b1%d0%b5%d0%ba-%d0%bb%d0%b5%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2%d0%b01953 жылы 5 тамызында Алматы облысы, жамбыл ауданы, Қаракестек ауылында дүниеге келген.
1970-1975 жылдары Алматы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваторияның актерлік бөлімін бітірген.
1975-1997 жылдар Талдықорған облыстық қазақ драма театрында еңбек етті.
1997 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етіп келе жатыр.
Ойнаған рөлдері:
Талдықорған театрында:
Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» -Баян, «Ақан сері –Ақтоқты»- Ақтоқты, «Ұлпан» -Ұлпан, В.Ежов «Бұлбұлдар түні» — сержант Ниночка, Ш.Айтматов «Арманым — Әселім» — Хадиша, «Жәмила» — Жәмила, «Ақ кеме»- Бұғы ана, Бекей, М.Әуезов «Қарагөз» — Қарагөз, «Абай» — Ажар, «Еңлік-Кебек» — Еңлік, Н.Хикмет «Елеусіз қалған есілдер» -әйел, А.П.Чехов «Дядя Ваня» — Елена Андреевна, А.Фадеев «Жас гвардия»- Любовь Щевцова, Б.Майлин «Шұға» — Шүға, Гүлзина, О.Бодықов «Жер тағдыры»-Зылиха Тамшыбаеваның протатип, С.Жүнісов «Қысылғаннан қыз болдық»-Айгүл, Қ.Ысқақ «Таңғы жаңғырық» — Бақтығұлдың әйелі», А.Вампилов «Сүйінші, табылды, табылды!» — Нина, Т.Қалилаханов «Алтын бесік»-Гүлдариға, Қ.Мұқашев «Дала дастаны» — Мақпал, Д.Исабеков «Әпке» — әпке, К.Әбдірахманов «Қара керек — Қабанбай» — Гауһар, О.Бөкеев «Құлыным менің» — Анар, А.Сейдімбеков «Қош бол, Ардағым!» — Ардақ, Т.Есімжанов «Жолда қалған жолаушы» — Ұлтуар, У.Шекспир «Асауға-тұсау» — Катарина, І.Жансүгіров «Исатай мен Махамбет» — Фатима, т/б.
Ғ.Мүсірепов театрында:
Д.Исабеков «Ескерткіш операциясы» — Әштеннің әйелі, Б.Жәкиев «Әке тағдыры» — Бурыл, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» — Мақпал, И.Вовнянко «Стриптизердің өлімі»- прокурор, Т.Ахметжан «Екі жүрек»-З.Зульханова, С.Асылбекұлы «Желтоқсан желі» -Талшын, Б.Мұқай «Шындық детекторы» — Нүрия, И.Ғайып «Естайдың Қорланы» — Қорлан, т/б.
Мемлекеттік марапаттары:
1991ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген артисі»
2011ж. «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» медалімен марапатталған.

2016 ж. «ҚР Тәуелсіздікке 25 жыл» медалі;