22 қыркүйек күні Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры «Бернарда Альбаның үйі» спектаклімен Албанияның Саранда қаласында өткен ХХ Халықаралық «Бутринттегі ғажайып түндер» театр фестивалінде өнер көрсетті.

