Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтарыЖаңалықтар

Танымал актер Дархан Дайырбек өмірден өтті

Қалың көпшілікке “Терісқақпай” театры арқылы танылған белгілі актер Дархан Дайырбек өмірден өтті, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі.

Дайырбек Қаралы хабарды журналист әрі қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы жеткізді.

– “Курстасым Дархан Дайырбек те өтті өмірден. Алла алдынан жарылқасын! Ақжол, құлыншақ, бекем бол! Курстастарыма, Дарханның туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Иманы саламат болсын! Ақ көңіл, жаны жайсаң жан еді. Кеше Жәмиламен сөйлескем. Бүгін түсіме кіріп еді. Таңғы 4-те оянып кеткем. Сезіп едім. Құдай-ай. Өзің сабыр бер”, – деді ол Facebook желісіндегі парақшасында. Актердің әріптесі әрі досы Асқар Наймантаев та марқұм туралы әсерлі жазба қалдырды.

– “Қайтейін-ай! Алыста болып аңырап, жырақта жүріп жер сипап қалдым-ау, ағайын Жаным-оу, Дархан-оу, енді қайтем! Таныстың бәрін жұмылдырсақ та тынысыңды аша алмадық қой. Жан досың, серігің Ұлан күндіз түні жоғыңды жоқтап, керегіңді жеткізсе де араша бола алмадық. Сенің жұтар бұр жұтым суың, терең дем алар ауаң бола алмадым. Қабақ шытпай қиындықты жымиып жеңуші едің. Сенің қателігіңді де қайталай алмаймыз ау енді. Терісқақпайдың да қатары сөгілді халқым, оны енді бүтіндей алмаймын. Бақұл бол”, – деді ол Facebook желісіндегі парақшасында.

Ақпарат көзі: https://www.oinet.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=51&id=21713

Сәйкес жаңалықтар

Праздник для театралов Уральска

admin

9 желтоқсанда өткен желтоқсаншылармен кездесу күні есте қаларлықтай дүниелермен толықты. Бәріміз ерекше көңіл-күйді жыр ете айта шығатын, Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында “Желтоқсан-86” тәуелсіз күрескерлермен кездесу өтті. Қиын-қыстау заманның кейіпкерлері 1986 жыл 16 желтоқсанды терең күрсініспен еске алды және әрбір оқушының сауалына жауап қатып, пікірін тыңдап ой қорыта білді. Аталмыш шарадағы батыр апа-ағаларымыздың ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет араласқан қаралы да қасіретті күні тыңдап отырған бізді де бей-жай қалдырмады. Сондай-ақ, ерліктің ащы тұстары айтыла түсіп, жыл сайын күрескерлер ақталып, осы бір қазақтың қабырғасын қайыстырып, жүрегін сыздатқан “Желтоқсан оқиғасы” бүгінде қолға алынып, өзіндік мәртебеге ие болғандығы көңіл қуантатынын жасырмаймыз. Сан ғасыр арман еткен Тәуелсіздіктің туы қаһармандардың арқасында келіп жетіп, желбірей түсуде. Өкінішті сәттердің, соның ішінде, сан мыңдаған батырларымыздан қол үзіп қалғанымызбен, олардың қазақ деп ұрандатқан ащы айқайы әрдайым санамызда, жадымызда мәңгілік жаңғырып тұр. Кездесу, Тәуелсіздік үшін жанын пида еткен аға-әпкелеріміздің әңгімелерімен қыза түсті. Өзіндік ойымен қарсы алдымызда, Республикалық “Желтоқсан-86” Тәуелсіздік қырандары Халық қаһармандары қозғалысы төрайымы – Жүніс Гүлбаһрам Есмұратқызы, Тәуелсіздік күрескері – Сейтімбет Үсіпхан Әбдікерімұлы және Гүлнәр Сейтімбеттей аға-апаларымыз бөлісті! Сөз соңында, тәуелсіздік жолында қаза тапқан батыр қызымыз Ләззат Асанованың анасы да көзіне жас ала отырып, әңгімесін, тілек, алғысын жеткізе білді. Жас балғындарымызда есті әңгімеге елітіп, тіпті өлең шумақтарын жарыса оқып, патриот ұрпақтың өсіп келе жатқандығын дәлелдей түсті. Сонымен қатар, тәуелсіз күрескерлерге баршамыз өре түргеліп, Желтоқсанның жаңғырығына, ызғарлы желіне төтеп бергендігіне жарыса алғысымызды жаудырдық. Кеш соңы театр ұйымдастырған “Желтоқсан желі” атты қойылыммен жалғасын тапты.#Тәуелсіздіккүрескерлері #желтоқсанжелі#алғысымызшексіз

admin

«Судағы із» сериалдарды жаңа деңгейге көтереді

admin