Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

Театр репертуары жаңа үш қойылыммен толықты

«Ақбілек. Түс»

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 81-ші маусымның шымылдығын үш жаңа қойылыммен ашты. Атап айтар болсақ, 10-11 қыркүйек күндері сағат 11.00-де балаларға арналған «Карлсонның қайта оралуы» (авт.: А. Линдгрен, ауд.: С. Ордашева, реж.: Д. Жұмабаева) ертегісі, кешкі сағат 18:30-да «Ақбілек. Түс» (авт.: Ж. Аймауытов, инсц.: С. Ордашева, реж.: А. Абушахманов) қойылымы көрерменге жол тарты.

«Карлсонның қайта оралуы»

12 қыркүйек күні сағат 16:00-де «Көкірек көзі оянғандай» (авт.: С. Сейфуллин, реж.: А. Цой) перформативті-пластикалық драмасының премьерасы өтті.

«Көкірек көзі оянғандай»

Сәйкес жаңалықтар

«Til-Qazyna» республикалық ақпараттық танымдық газетінің таныстырылымы өтті

admin

2-желтоқсан күні сағат 18.30-да “Желтоқсан желі” драмасы сахналанады. 1986 жылдың əлі күнге дейін жадымызда жаңғырған ызғарлы күнінде Орталық алаңға шыққан жастар – қыз бен жігіттің қан жоса тағдыры, олардың адамның бойы мен жанын мұз қарыған сондай ауыр шақтарда бірін-бірі құрсауда тастамай, бір-біріне пана болуы… Сондай, оларды қала қарттары Баймырза мен Талшынның үйін тасалауы көрініс табады. Намысты ту еткен қазақ жастарының жүрекжарды тілегін тыңдауды қорсынған “жүйе” оларға зорлық-зомбылық көрсетіп жатты. Ұрды, соқты, сүйреді… намыстарына тиді. Осының бəрі – бір спектакльдің өне-бойына Өнер тілімен сыяды. Құрметті көрермен, театрға келіңіздер!

admin

«Судағы із» сериалдарды жаңа деңгейге көтереді

admin