Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Мекеме жаңалықтары

…Елімізде болып жатқан дүрбелең жағдайға қатты қынжыламыз.

…Елімізде болып жатқан дүрбелең жағдайға қатты қынжыламыз. Тәуелсіздіктің қадірін түсінбей, берекетті қашырғысы келетін арандатушы топтардың ойламаған жерден, тұтқиылдан ірі қалаларда атыс-шабыс, бүлік ұйымдастырып, тып-тыныш, бейбіт өмірімізге сызат түсіру мақсатындағы іс-әрекеттері ешбір ақылға қонбайды және кешіруге болмайтын қылмыс.
Біз, театр — мәдениет саласының қызметкерлері, артистер қауымы әрбір қазақстандықты жаймашуақ, көңілді, жарқын өміріміздің қадірін білуге шақырамыз! Сондай-ақ, қам-қарекетсіз, бейқам жатуға да болмайтынын ұққандаймыз. Осындай, Ел басына күн туған шақта бір тілекпен, бір Тудың астына жиылып, Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың ұстаным-саясатын бірауыздан қолдап, қажет жағдайда кез келген Елдік мүдденің маңайына жиылуға дайын екенімізді жеткіземіз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

“Тұңғышбай Əл-Тарази Таразға шақырады” халықаралық театрлар фестивалінен естелік сурет. #Мүсіреповтеатры

admin

Кездесуге қатысып, өздерінің қызықты сұрақтарымен кешіміздің көркін келтірген барша көрермендерге шексіз ризашылығымызды білдіреміз!

admin

Мүсірепов театры Атырауда

admin