…Елімізде болып жатқан дүрбелең жағдайға қатты қынжыламыз. Тәуелсіздіктің қадірін түсінбей, берекетті қашырғысы келетін арандатушы топтардың ойламаған жерден, тұтқиылдан ірі қалаларда атыс-шабыс, бүлік ұйымдастырып, тып-тыныш, бейбіт өмірімізге сызат түсіру мақсатындағы іс-әрекеттері ешбір ақылға қонбайды және кешіруге болмайтын қылмыс.
Біз, театр — мәдениет саласының қызметкерлері, артистер қауымы әрбір қазақстандықты жаймашуақ, көңілді, жарқын өміріміздің қадірін білуге шақырамыз! Сондай-ақ, қам-қарекетсіз, бейқам жатуға да болмайтынын ұққандаймыз. Осындай, Ел басына күн туған шақта бір тілекпен, бір Тудың астына жиылып, Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың ұстаным-саясатын бірауыздан қолдап, қажет жағдайда кез келген Елдік мүдденің маңайына жиылуға дайын екенімізді жеткіземіз!
previous post