Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
  • Басты бет
  • БАҚ жаңалықтары
  • Ақтоты Райымқұлова: «Елімізде 3 212 қолданбалы шығармашылық үйірме, балаларға арналған әуесқой бірлестік пен клуб жұмыс істейді»
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Ақтоты Райымқұлова: «Елімізде 3 212 қолданбалы шығармашылық үйірме, балаларға арналған әуесқой бірлестік пен клуб жұмыс істейді»

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында балалардың спорттық және шығармашылық әлеуетін дамыту бағытында Министрлік атқарып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

“Қазір спорт секцияларын ашу және балалар үйірмесінің қызметін қалпына келтіру мәселелері бойынша бірыңғай тәсілдерді әзірлеу мақсатында жергілікті атқарушы органдар басқармаларын тыңдау жүргізіліп жатыр.

Жол картасы шеңберінде ҚР «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Мәдениет туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, еңбек ұжымдарымен спорт секцияларының желісін кеңейту, балалар мен жасөспірімдер, дене шынықтыру клубтарының жұмысын жандандыру, балалар үйірмесін ашу бойынша тұжырымдаманы республикадағы барлық мәдениет ұйымының іс-шаралар жоспарына бекіту шаралары көзделген. Балалар үйірмелерін ашу жөніндегі бұл іс-шаралар жоспары 15 қарашаға дейін бекітіледі”,-деді ол.

Ал жол картасына сәйкес 22 қазанға дейін жергілікті атқарушы органдар қосымша спорт секцияларын ашу бойынша егжей-тегжейлі ақпарат ұсынатын болады. Қазір елімізде 3 212 қолданбалы шығармашылық үйірме, балаларға арналған әуесқой бірлестіктер мен клубтар жұмыс істейді.

“Білім алушылардың жан-жақты қажеттілігін қанағаттандыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру мақсатында Білім және ғылым министрлігімен, мүдделі ұйым, қор жəне Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинмен бірлесіп тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір «Білім туралы» Заңға тиісті түзетулер енгізу, қосымша білім беруді жан басына шаққанда нормативтік қаржыландыру шаралары жайлы мәселе пысықталуда”, – деді Ақтоты Рахметоллақызы.

Аталған Заңға тиісті өзгеріс енгізілгеннен кейін заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерге де түзету енгізіледі. Осылайша, мектепке дейінгі тәрбие беру, орта, техникалық және кәсіптік орта, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі сияқты Қосымша қаржыландыру әдістемесі әзірленеді. Онда есептеу алгоритмдері, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі және жергілікті бюджеттен қаржыландырудың нақты тетіктері айқындалатын болады.

Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/mcs/press/news/details/110775?lang=kk

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

“Кейіпкер келбеті” бұрышының қонақтары мен көрермендер арасындағы сыр-сұхбат кешінен #сурет

admin

Театр артисі Данияр Базарқұловтың “Жұлдыздар отбасы” журналына берген сұхбаты

admin

Алматыда «Махаббат хаттары» спектаклінің премьерасы өтті

admin