Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтарыЖаңалықтар

Рахман Омар: Ел алдында қалыптасқан бейнемді бұзғым келмейді

Театр және кино актері Рахман Омардың қазақ сахнасында өнер көрсетіп жүргеніне 22 жылға жуық уақыт болды.

Мұхтар Әуезовтің «Жас Абай», «Желсіз түнде жарық ай» драмаларындағы Абай, Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясында Жантық, Шыңғыс Айтматовтың «Жан азабында» Мәңгүрт рөлдерін сомдады.

22 жылда 50-ге жуық бейне сомдаған актер алғашқы кезде көпшілікке тек жағымды кейіпкерлер арқылы танылған. Жантық рөлі оны ерекше қырынан көрсеткен образ болды.

«Рахман – қай рөлге салсаң да, еркін, жеңіл игеріп әкететін актерлердің бірі. Актерлық импровизациясы басым. Бұл – театр саласында шеберліктің шыңы саналады», дейді режиссер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Ахманов.

Кино саласында жұртшылық таяуда Рахман Омарды Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» фильмі арқылы көрді. Ал, телехикаяларға шақырған ұсыныстардың бәрін қабылдай бермейді. «Көп жағдайда оқиғасы көңілден шықпайды. Әр образды бір сомдап, ел алдында қалыптасқан бейнемді бұзғым келмейді», дейді актер.

Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театры жуырда Әлімбек Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» спектаклін сахналамақ. Қойылымдағы Зарқынбек атты кейіпкер Рахман Омардың үлесінде.

Спектакльге дайындық барысы туралы «Таңшолпаннан» көріңіз.

Ақпарат көзі: http://kaztv.kaztrk.kz/kz/news/portal/rahman-omar-el-aldynda-kalyptaskan-beinemdi-buzgym-kelmeidi

 

Сәйкес жаңалықтар

2-желтоқсан күні сағат 18.30-да “Желтоқсан желі” драмасы сахналанады. 1986 жылдың əлі күнге дейін жадымызда жаңғырған ызғарлы күнінде Орталық алаңға шыққан жастар – қыз бен жігіттің қан жоса тағдыры, олардың адамның бойы мен жанын мұз қарыған сондай ауыр шақтарда бірін-бірі құрсауда тастамай, бір-біріне пана болуы… Сондай, оларды қала қарттары Баймырза мен Талшынның үйін тасалауы көрініс табады. Намысты ту еткен қазақ жастарының жүрекжарды тілегін тыңдауды қорсынған “жүйе” оларға зорлық-зомбылық көрсетіп жатты. Ұрды, соқты, сүйреді… намыстарына тиді. Осының бəрі – бір спектакльдің өне-бойына Өнер тілімен сыяды. Құрметті көрермен, театрға келіңіздер!

admin

Әсет Иманғали: Мұқағалиді сахнада сомдау қиынға соқты

admin

#Қазақхандығына550жыл #ҚАРА #ҚРтұңғышпрезидентікүні #Мүсіреповтеатры #Тамшы

admin