Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай бірқатар мәдениет қызметкерлері баспаналы болды

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай бірқатар мәдениет қызметкерлері баспаналы болды

21 мамыр күні Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиында Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының артисі Анар Адилова Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының қолынан жаңа үш бөлмелі пәтердің кілтін алды.

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай бірқатар мәдениет қызметкерлері баспаналы болдыАл 22 мамыр күні Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Балаева Аида Ғалымқызы театрымызда жиырма бес жылдан астам уақыт абыроймен қызмет етіп келе жатқан бақылаушы Арайлым Сүлейменоваға екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Бұл – мәдениет және өнер саласындағы қызметкерлерге деген жоғары құрмет пен айрықша жанашырлықтың көрінісі. Баспаналы болған әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Сәйкес жаңалықтар

Данияр Базарқұлов, актер: Әке жолын арнайы қумасам да, өмір мені бұл жолға кездейсоқ салды

admin

Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының тарихы

admin

Ғ.Мүсірепов атындағы театр премьераға шақырады

admin