Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Данияр Базарқұлов, актер: Әке жолын арнайы қумасам да, өмір мені бұл жолға кездейсоқ салды

Данияр Базарқұлов, Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жастар театрының актері:

Данияр Базарқұлов – театр және кино актері. 2010 жылы Орта Азия фестивалінде  «Ең үздік ер адам бейнесі»  үшін марапатталған. Ол –«Мұқағалида» Қара киімді, «Фатимада» Біләл, «Жақсы кісіде» Марат. Және оны «Тастандылар», «Әке серті», «Бапкер», «Студент», «Парыз», «Қара шаңырақ» секілді отандық туындылардан білеміз. Алдағы уақыттарда шығатын Ермек Тұрсыновтың «Жат», Ақан Сатаевтың «Оралу», Қанағат Мұстафиннің «Он алты қыз» секілді  киноларынан көретін боламыз.  

Данияр, сізді көп жұрт «Қара шаңырақтағы» Жәнібек деп танып қалған секілді…

– Иә. Себебі, киноны қарайтын көрермендер басым. Көрермендер жолығып қалған кезде  «Сіз «Фатимадағы» Біләлсіз ғой» дегендей, театрдағы рөлдерімді айтатындар сирек. Той жүргізетінім бар. Сол кездерде «Мынау Жәнібек қой» деген сыбырларды естіп тұрамын. Мені жақтырмайтындарын да сезіп тұрамын, мені ренжітіп алмау үшін жаман сөз айтпайды. «Әлішердің түгін қалдырмадыңдар ғой» дегендер де болды.

– Сол Жәнібек қандай адам? Ұқсастықтарыңыз бар ма?

– Данияр мен Жәнібек мүлде ұқсамайды. Себебі, менің табиғатым мүлде басқа. Тек қана жұмсақтығымыз ұқсас. Жәнібекте арамдық пен сатқындық басым. Көздегені – креслоға отыру, ақша табу… Менде ондай жоқ. Мен адал ақша тапқым келеді. Ала жіпті аттамай, біреуді біреуге жамандамай жүргенді дұрыс көремін. Ол образға кіру үшін де оңай болған жоқ. Ішкі жандүниеңді де өзгертуге тура келеді. Сонысымен қиын. Бірақ, Жәнібекті жаман деуге болмайды. Себебі, ол не істегісі келетінін, қандай бағытқа жүретінін, қай жерге дейін шабатынын білетін адам. Яғни, оның мақсаты айқын. Ол зауыттың қаржылық директоры болып жүріп, басшылыққа барғысы келіп, бәрін бір-біріне қарсы қойып, кикілжің жасаған адам. Сөйтіп жүріп креслоға отырды. Сосын өзінің әлі келмейтінін біліп, Әлішерден кешірім сұрап, оны орнына қайта отырғызды. Ең үлкен үлескер Досханға да қысым жасаған сол. Оны жоқ қылып жіберді. Сұмдық. Ой-өрісі кең, басы қатты істейді. Ондай болу көп адамның қолынан келмейді. Образ Жәнібек секілді ақша мен мансапты биік қоятын адамдардан сақ болу керектігін үйретті деп ойлаймын. «Врагов надо узнать в лицо» дегендей. Әр адам қасында жүрген адамдарды тани білуі тиіс.

21082015-2

Өзіңіздің достарыңыз жайлы айтсаңыз?

– Шүкір, шын достарым бар. Қазақстанның қай түкпіріне барсам да, алдымнан шығатын достарым жетерлік. Балалық шағымызда Жезқазғанда жеті бала бірге өстік. Бір нанды бөліп жедік. Біреуміз бір шоколад алып шықсақ, жетіге бөліп жейтінбіз. Өсе келе әркімнің өзінің отбасы, жұмысы, жолы, тағдыры болады. Қарым-қатынас та бұрынғыдай болмайды. Тұрмыстық жағдайдан босамай, кездесу қиын болып жататыны сөзсіз. Дегенмен, уақыт тауып кездесіп жатқан кезде әңгімеміз таусылған емес.

Актер болу арманыңыз болған ба еді?

– Әкем актер болған кісі. Есімі – Жоламан Базарқұлов. Кішкентайымыздан көріп өскесін, осы жолға келген болармын?.. Әкемнің жолын арнайы қумасам да, өмір мені кездейсоқ осы жолға салды.  

– Киноға түсер алдында бірінші назар аударатыныңыз? Сценарий ме, режиссер ме, әлде гонорар ма? 

– Режиссерге. Сосын сценарий,одан кейін  гонорар. Бірhttp://shyn.kz/article/view?id=1783іншіден кәсіби актер екендігіңді дәлелдеу үшін, сосын беделіңді өсіру үшін жұмыс істейсің.  Содан кейін-ақ гонорарың өзінен-өзі көтеріледі. Мықты режиссерлер, мықты сценаристер әлі де керек. Бағымды ашатын рөлдерімді әлі де күтіп жүрмін. Себебі, толық нұсқадағы кинодағы рөлдерімді армандап жүрген жайым бар. Ендігі мақсатыма да айналды. Кинода өзімді әлі дәлелдеген жоқпын, іздеп жүрмін. Асу алда. Қанағат жоқ. Арманым – қазақ өнерінің, қазақ  театры мен киносының тарихында тұлға болып қалыптасу. Бүгінгі күнге дейін біраз киноларға түстім. Ол рөлдер мен үшін кәсіби деңгейімді көрсету үшін жол ашқан, бет-әлпетімді таныту үшін септігін тигізген баспалдақтар.

21082015-3

Театрдағы алғашқы рөліңіз қай рөл?

– Басқа актерлер сияқты біз де массовкадан бастадық. Мұрат Ахмановтың «Құрманғазы» деген спектаклінде Әубәкірдің жендеті болып ойнадым. Кейін біраз басты рөлдерді ойнадым. Эпизодтық рөлдерден қашқан да емеспін, қашпаймын да. Оралдағы театрда қызмет істеп жүргенімде Нью-Йорк қаласында өткен  М. Чехов атындағы фестивальге  барып, лауреат болдым. Қазақстаннан барған алғашқы театр екенбіз.   «Ең үздік қойылым», «Ең үздік режиссер», «Ең үздік актер»  деген марапаттардың бәрін біз алып кеттік.

Тойға шығамын деп отырсыз. Бұл кәсіп пе, нәсіп пе?

– Шынына келгенде, күнкөрістің қамы. Біреулер «халтура» деп жатады. Дегенмен, ол – той, қуаныш. Басқа біреудің қуанышына ортақ боласың, оның өзі бір ғанибет, үлкен бақыт. Той жүргізетін болған соң, жинақы барасың, жақсы өткізуге күш жұмсайсың, алғыс алғың келеді. Біржақты қарауға болмайды деп ойлаймын.

– Түнде той, таңда репитиция, кешке таетр. Шаршамайсыз ба?

– Бос жүрсем басым ауырады, жынданып кете жаздаймын. Қатты шаршасам екен, уақытым болмаса екен деп тілеймін.

http://shyn.kz/article/view?id=1783 Соңғы оқыған кітабыңыз?

– Қазір бәрін ғаламтордан оқитын болдық қой. Жақында Мұқағалидың өлеңдерін қайталап оқып шықтым. Кезінде оқығанымнан болар, көбісін біледі екенмін. Қазір Станиславскийдің «Йога» деген кітабын оқып жүрмін.

– Әңгімеңізге рахмет.

 Сұхбаттасқан Эльенора ӘМІР

 “Шын ақпарат”

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Мемлекеттік хатшы “Сахнагер-2017” Ұлттық театр сыйлығын тапсырды

admin

Кто сыграет Назарбаева в новом фильме про Президента

admin

Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры Ақтөбе қаласына гастрольдік сапармен барады!

admin