Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Мекеме жаңалықтары

Құттықтаймыз!

Бүгін ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлованың бұйрығымен Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары болып Жуасбек Ерлік Тілеуқұлұлы  тағайындалды.
?Жуасбек Ерлік Тілеуқұлұлы 10 қаңтар 1985 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыбарақ ауылында дүниеге келген.
?2002-2006 ж. Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын «Музыкалық драма актері» мамандығын тәмамдаған.
?2011-2013 ж. М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық драма театрында «Көрермендерге қызмет көрсету бөлімі» менеджері.
?2014-2018 жыл аралығында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Труппа меңгерушісі» болып қызметін атқарған.
?2018-2021 ж. Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрында «Көркемдік жетекші» жауапты қызметінде болды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

7 қараша театрымыздың актеры Əсет Есжанның туған күні! Шын жүректен құттықтаймыз! Əсет, саған мықты денсаулық, таусылмас бақыт, шығармашылық шыңдар мен биік белестер тілейміз!!! 100 жаса!

admin

“Жаңа күн” бағдарламасының қонағы актриса Гүлдана Ергешова

admin

Сәния Ерзатқызының cахналық бейне жасаудағы актерлік ізденістері

admin