Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Ақтөбеге келді

Ақтөбеге Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры келді. Биыл театрдың құрылғанына 70 жыл толады. Мерейтой қарсаңында театр ұжымы Ақтөбе жұртына өнер көрсетуді ұйғарыпты. Ұжым үшінші қазанға дейін қалың көрерменге арнап ең таңдаулы қойылымдарын ұсынбақ.
Қазақтың балалар мен жасөспірімдер театры 1946 жылдың төртінші шілдесінде Толстойдың «Алтын кілт» пьесасы бойынша қазақ тілінде тұңғыш рет спектакль қойып, ресми түрде тұсауын кесті. Театр актерлері ақтөбеліктерге арнап «Қызыл орамалды шынарым», «Ер көжек», «Шекпен», «Мен ұмытылмаймын», «Келіндер көтерілісі» сынды танымал спектакльдерді ұсынбақ. Бүгін театр ұжымы бұқаралық ақпарат құралдарына арнап, баспасөз мәслихатын өткізді. Ақтөбеліктерге ұсынылатын театр репертуарындағы спектакльдер туралы айтып берді.

— Ақтөбе жұрты бізді құшақ жая қарсы алды. Біз ең озық қойылымдарымызбен қуантуға тырысамыз. Біздің өнеріміздің дұрыс бағасын береді деген үміттемін. Қазынның бірі күні қойылатын Шыңғыс Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» спектаклінде басты рольді Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Айгүл Иманбаева ойнайды. Тағы бір ерекшелеп айтатын дүние, біз Түркияда өткен фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алған «Қара шекпен» спектаклін де ақтөбелік көрерменге алып келдік, — дейді Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөсіпірімдер театрының директоры Сәбит Әбдіхалықов.

Жанна ЕРАЛИНА.

Ақпарат көзі: http://aktobenews.kz/2016/09/29/qazaq-memlekettik-akademiyalyq-balalar-men-zhasospirimder-teatry-aqtobege-keldi/

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

«ТЕАТР – МЕНІҢ ӨМІРІМ…»

admin

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ АРТІСІ БӘЙТЕН ОМАРОВТЫҢ 90 ЖЫЛДЫҚ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТЕДІ

admin

Н.И.Сац негізін қалаған театр қазір қайда?

admin