Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

ТЕАТР САҢЛАҒЫ 90 ЖАСТА

Артистiң тынысы – сахна мен көрермен. Сомдайтын рөлдері мен көрер көрермені көбейген сайын артистің тынысы да кеңейе түседі. Бір байқағанымыз, артистің көзін көрген әріптес аман болса, оның бейнесі күндердің күнінде өзі сүйген сахнасында қайта жаңғырады. 

Ғабит Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрында «ҚР еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты – Мәкіл Құланбаев 90 жаста» атты еске алу кеші өтті.
Кеш шымылдығы Мәкіл Иманәліұлы­мен сахналас болған әріптестері, халық артистері Роза Әшірбекова, Лидия Кәденова, Тамара Қосыбаева және режиссер Есмұхан Обаевтардың естелікке толы бейнеролигімен ашылды. Бұл кеште «Артистің жайын артис айтсын» дегендей, театр актерлары Мәкіл Құланбаев пен әріптестері сахнада жүрген көрікті кезеңді көрермен көз алдына әкелді. Мәкіл Құ­ланбаев, Асқар Тоқпанов, Мұқан Баты­гереевтей өр рухты азаматтардың рөлдерін сомдап, театр ұжымы көрерменді бір қуантты. Өнерсүйер қауымның санасында сақталған Мәкіл бейнесі қайта жаңғыр­ғандай болды. Театр актеры Қуаныш Тұрдалин Мәкіл Құланбаевтың образына еніп, артистің әзілін, жүріс-тұрысы мен артисті танитындар ұмытпайтын «Әл-фарабишылдығын» көрерменнің есіне салғандай болды. Кішігірім сахналық көрініске құрылған еске алу кешінде актерлердің сомдауында рөлдер ойналып, эстрада әншілерінің орын­дауында әуезді әндер шырқалды. Шара соңында Мәкіл Иманәліұлының келіні Зейнеш Құлан­баева мен немересі Айжан Құланбаева, талай жылдар әріптес болған Тұңғышбай Жаманқұлов, шәкірті әрі әріптесі Ғазиза Әбдінәбиевалар өзекжарды естеліктерімен бөлісті. 67 жасына қараған шағында дүниеден озған сахна саңлағы бүкіл ғұмырын өнерге арнаған. Өзінің шы­ғарма­шылық өнер жолында екі жүзден астам рөлдi сомдаған. Сахнадағы алғашқы рөлі Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлудағы» Қодардан бастау алып, Мұхтар Әуезовтің «Еңлік – Кебегіндегі» – Есен, «Ақан сері – Ақтоқтыда» – Науан ха­зірет сияқты үл­кен рөлдерді шебер ой­­нап, «Менің атым Қо­жа» фильміндегі Қара­тай арқылы көрер­мен­ге кеңінен та­­ныл­­ды.

Роза ӘШІРБЕКОВА,
Қазақстанның халық артисі:
– Мәкіл аға – сахнаға жаралған тұлға. Мәкіл Иман­әліұлын қай жанрға сал­са­ңыз да кере­мет алып шыға­тын. Тарихты терең меңгерген, жан дүниесі мықты, өте қа­рапайым жан еді. Ол кездерде гастроль­дерге жиі шығатын­быз. Сол сапарларда Мә­­кіл ағам көл, өзен көрсе, сол жаққа жү­­гіретін. Бір қызығы, үнемі қармақсыз ба­­лық аулайтын қабілеті болды. Мәкіл аға әулетімен өнерпаз, текті болатын.
Өнер – тамшыдан құралатын нәзіктік. Артисті сол үлпілдек нәзіктік биік шың­дар­ға жетелеуі мүмкін, кейде құздардан құл­дыратуы да ғажап емес. Себебі, «Нәзік­тікке сотқарлау сыншының сойқан бал­тасы емес, арудың бір тал шашы да ауыр тиюі мүмкін». Ғұмырын сахнада өткізген Иманәлінің ұлы Мәкіл бұл ойымызбен сөзсіз келісер еді…

Гүлім САДЫРБЕК

Ақпарат көзі: https://aikyn.kz/2017/01/26/1852.html

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Әріптестерді 70 жылдық мерейтойларымен құттықтаймыз!!!

admin

“АЙДАҺАР” КӨРКЕМ ФИЛЬМІ КӨПШІЛІК КӨРЕРМЕННІҢ НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

admin

Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының иегерлері анықталды

admin