Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Театр маусымы ашылды

14893-6-teatr_mausymy_ashyldy_ru Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында мерейтойлық 70-маусымы ашылды.

Биыл жастар театры «АССИТЕЖ» дүниежүзілік ассо­циациясының Қазақ­стандағы орталығы болып жарияланды. Әлемнің 83 мемлекеті қатысатын бұл ұйымға Қазақстанның өнер ошақтары 84-ші болып қабыл­данды. АССИТЕЖ – дүние жүзін­дегі балалар мен жасөспірімдер театрларымен біріге жұмыс істеп, тәжірибе, ұлттық дәстүрлермен алмасуға мүмкіндік береді.
Театрдың биылғы жетістіктері мен алдағы 70 жылдық мерейтой қарсаңында атқарылатын жос­парлар жайында театр директоры – Сәбит Әбдіқалықов, көр­кемдік жетекші – Мұрат Ахманов, әдебиет бөлімінің меңгерушісі – Бақыт Беделхан, театр артистері Роза Әшірбекова, Лидия Кәден, Еркін Әбдірешовтің қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті. Биыл театрдың артистер тобы жас буын өкіл­дермен толықты. «Жау­жүрек мың бала» фильмі арқылы дүйім жұртқа етене таныс Асылхан Төлепов пен Аян Өтеп­бергендерді жаңа маусымның қойылымдарынан көре аламыз.
Театрдың мерейтойлық 70-маусымы­ның ашылуына бала­ларға арналған «А­лтын мүйізді киік» ертегісі мен Қазақ ханды­ғының 550 жылдығына арналған М.Мақа­таевтың «Райымбек! Райымбек!» поэ­тикалық даста­нының премьерасы кө­рермен назарына ұсынылады.
Режиссер Е.Әбдірешевтiң «Алтын мүйізді киік» ертегісінің негізгі кейіпкері – ертегінің өзі. Ғайыптан келген кейіпкер қазіргі балалардың қиялына еніп, оларды ертегілер әлеміне саяхат жасатады. Шым-шытырық оқи­ғалармен араластырып, барлық ертегінің түпкі айтар ойын бірге табуға шақырады. Ойнақы болса да ойға жетелей отырып, бала көңілін жақсы әсерге бөлейді. Ертегі өз патшалығының жарлы­ғын жеткізу үшін әбден әуреге түседі. Соңында барлық бала­ларды адам­гершілік пен мейі­рімділікке, табиғат-ананы аялауға шақыратын жарлықты жеткізеді. Тәрбиелік мәні ерекше бұл ертегінің бүлдіршіндер мен балаларға берері мол деп сенеміз.
Еліміздің азаттығы жолында қан кешіп, кең-байтақ жерімізді қорғаған батыр-баһадүрлеріміз аз емес. Қазақ елінде ұрпаққа тари­хымыздан тағылым бере алатын­дай тұлғаларымыздың қатарында қасқайып тұрар батырлары­мыздың бірі – Райымбек. 13 жасынан атқа қонып, батырлық пен әулиелік қатар дарыған қасиетімен танылған батырдың, бозбала шағынан жігіт шағына дейінгі ерліктерін, ерекшеліктерін сүбелі суретпен күрделі шие­леністер арқылы айшықтайтын драма.
«Елім-айлаған» елдің зарын, «Ақтабан шұбырынды», «Зар-заманның» үні, «Ақтаңдақтардың» ізі, «Ашаршылық», ұлт үшін қаса­қана жасалған қырғындар, міне, осының бәрін өн бойына арқау еткен «Райымбек! Райым­бек!» спектаклінің жүгі ауыр екенін бүгінгі ұрпақ білуі тиіс.

http://aikyn.kz/ru/articles/show/14893-teatr_mausymy_ashyldy

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Театрымыздың қоржынында кезекті жүлде

admin

КЛАССИКТІҢ ХАТТАРЫ ҚАЙДА ЕКЕН?

admin

ЖАСТАР ТЕАТРЫНДА – ПРЕМЬЕРА

admin