Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтарыЖаңалықтар

Театрға басшы болған Азамат Сатыбалды “хайп қуғандарға” қойылым арнады

Жақында ғана Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының басшысы атанған Азамат Сатыбалды 2019 жылдағы алғашқы қойылымды көрермен назарына ұсынды. Ол биылғы тұсаукесерге “хайп” тақырыбын арқау еткен деп хабарлайды “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Азамат басқаратын театрдың жаңа жылдағы алғашқы қойылымы – “Ұмытыңдар оны…” деп аталады.

Шығармашылық ұжым Григорий Гориннің “Забыть Герострата” пьесасының қазақшаға аударылған нұсқасын сахналаған.

“Шындығы керек, бұл “хайп” деген баяғыда болған. Қазір де бар, кейін де болады. Бірақ әр уақытқа байланысты сол терминнің атауы өзгеріп тұрады.

Қазір “хайп” десе, бұрын басқа деген шығар. Сондықтан кезіндегі “хайптың” қандай болғанын, кезінде өмір сүргенін біз қазір сахнадан көрсететін боламыз”, – деді Азамат Сатыбалды.

Бұл спектакльде атақ үшін 120 жыл бойы салынған ғибадатхананы бір-ақ күнде өртеген саудагердің әрекеттері көрсетіледі. Ақырында оған Құдайдың қаһары, сот пен өлім де еш әсер етпеген екен.

Айта кетерлігі, қойылымдағы басты кейіпкерді “Алашұлы” тобының әншісі әрі актер – Мақсат Рахмет сомдайды.

“Біз кішкене авторға қарсы шығып, Геростратты тірі қалдырдық та, халықтың ішіне кіргізіп жібердік. Яғни, біздің арамызда Геростраттар толып жүр деген сөз”, -деді Мақсат Рахмет.

Источник: nur.kz

Сәйкес жаңалықтар

Ғ. Мүсірепов театры — Ақпан айының репертуары

admin

14 қараша күні көптен күткен кеш өз деңгейiнде өттi. Нағыз актердiң iшкi жан әлемiн, көрермендерге деген шынайы сезiмiн, махаббатын жеткiзуге тырысқан әдемi, әсерлi, ұмытылмас кеш болды. Олар көрермендерiне айтпайды махаббатын… сезiндiредi, бiлдiредi. Лирикалық кешпен басталып, көрерменнiң бiразын мұңға батырып барып, әдемi әзiлмен қыран-топан күлкiге қарық қылды. Бүгiнгi кеш – әртiстер мен көрермендердi бiр-бiрiне жақындата түскен ерекше кеш болды. Олар көрермендерге шынайы махаббатын сездiрсе, көрермендер олар күткен риясыз сүйiспеншiлiкпен қол соқты. Ризалығын бiлдiрдi. Барлығыңызға үлкен рахмет! Еңбектерiңiз жансын! Бiз сiздердi жақсы көремiз!

admin

«Адам – Заттың» айтары көп

admin