Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

ТАСҚА ТАҢБАЛАНҒАН ТАРИХ

«Тамшы» ғылым және мәдениет қоры мен Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарихын тасқа таңбалаған – ҚАЗАҚ ЕЛІ» атты мерекелік шара өткізеді, – деп хабарлайды «Қамшы» порталы театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз» деп атап көрсеткен болатын. Осыған орай, жоспарланып отырған шараның негізгі мақсаты – сан ғасырлық тарихымызды, бабаларымыз салған сара жолды дәріптеу, халықты ынтымақ-бірлікке жұмылдыруға ат салысу болып табылады. Ұлы даланы дүбірге бөлеп, жалпы халықтық сипат алған мерекенің кең насихатталуына үлес қосу.

Жоспарланып отырған мерекелік бағдарламада ұлттық салт-дәстүріміз бен тарихымызды және отаншылдықты дәріптейтін арнайы театрландырылған қойылымдар, дәстүрлі ән-күйлеріміз бен ұлттық билеріміз орындалады. Елімізге танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Сонымен қатар, ұлттық қол өнер бұйымдары, киім үлгілері, ұлттық нақыштағы заманауи техникалық құралдар, т.б. туындылар көрмеге қойылады.

«Қамшы» сілтейді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Video Format : Youtube Video

admin

Отандық блогер сахнада боқтық сөз айтқан танымал әншіге мақтауын жаудырды

admin

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

admin