Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

“Йерма” спектаклінің премьерасы өтті

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Йерма» атты жаңа қойылым көрермен назарына ұсынылды. Испан драматургі Федерико Гарсиа Лорканың «Йерма» пьесасы желісі бойынша сахналанған драма жанрындағы қойылым өзгелерден өзіндік бағытымен ерекшеленеді.

Қойылым режиссері республикалық, халықаралық фестивальдардың үш дүркін Гран-при иегері – Дина Жұмабаева. Бұл – оның Ғабит Мүсірепов театрында сахналанып жатқан үшінші шығармасы. Пьесадағы басты кейіпкерлер Хуан мен Йерманың рөлін театрдың талантты актерлері Елдар Отарбаев пен Ақбота Рахат сомдады.

Сәйкес жаңалықтар

Е.Садырбаев “Шалқар” радиосында қонақта

admin

Премьера. Ғ.Мүсірепов театрында «Телғара» спектаклі қойылады

admin

Күйеуінің қазасын естіп тұрып, комедиялық ролін сомдаған актриса

admin