Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

“Супер жеңгетай Серкеш” комедиясының премьерасы

9-10 қараша, 2016 жыл, сағат:18.30-да Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Баянғали Әлімжановтың “Супер жеңгетай Серкеш” комедиясының премьерасы өтеді.
Қоюшы-режиссері – Жанат Хаджиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты,
«Құрмет» орденінің иегері
Қоюшы-суретшісі – Серікқан Омаров, Мәдениет қайраткері
Киім үлгісінің суретшісі – Дархан Қазақбаев
Музыкасын құрастырған – Жанат Хаджиев
Балетмейстері – Ринат Билибаев
Сахна сайысын қойған – Мақсат Рахмет
Режиссердің ассистенті – Бейбіт Камаранов, Қазақстан Жастар Одағы
«Серпер» сыйлығының лауреаты
Режиссердің көмекшісі – Әлия Әбсаттарова
Аннотация:
Заманның сиқы осы ма?.. Адамилықтың құны қайсы?.. Байлықтың буы, ақшаның табы кісіні ісіндірмей қоюы мүмкін бе?.. Жылтыраққа әуестік, жағымпаздықпен сатылу, еңбексіз тегін мал таппақ әуселемізді көтеріп, көсегемізді көгертпек пе?..
Міне, осы заманғы түйткілді сұрақтардың төркіні осындай болып келеді. Бірақ, біз бәрібір, түптің-түбінде адамилық құндылықтың сақталғанын қалаймыз. Соңғылығында, солай болады да…
Құрметті, көрермен!
Ойлы күлкіге құрылған комедиялық қойылымнан ой түйгіңіз келсе, «Супер Серкешті» көріңіз! Бұл – бүгінгінің көп кейіпкерлерінің бірі.

Тел: 273-22-48
Майя 87071050575
Гүлназ 87026011557

Ақпарат көзі: https://baq.kz/kk/news/madeni_ortaliktar/super_zhengetai_serkesh_komediyasinin_premerasi20161104_174000

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Жексенбiнiң кешiнде “Кейіпкер келбетінің”‬ қонақтары – театрдағы жұлдызды жұп, талантты әртiстер – Рахман Омар мен Ақмарал Дайрабаева. Қонақтарымызға “Мың бiр мақал” айтып, “Жүз бiр жұмбақ” жасырдық. Қызықты кездесуіміз көрермендеріміздің көкейлерінде жүрген сұрақтарына-жауап берді. 29.11.2015ж.

admin

Екінші дүниежүзілік Астана театр фестивалі өтеді

admin

Жуырда Хабар арнасында Абайдын кара создерине негизделген “Акылдын килти”атты телехикаясын усынады….Реж @муратбидосов @erbol_akter777 @khabartv

admin