Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

«Жыл премьерасы» номинациясы бойынша  Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының “ҚҰЛАГЕР” спектаклі ЖЕҢІСКЕ жетіп, ЛАУРЕАТ атанды.

СҮЙІНШІ!!!  “ТИКЕТОН-kz” (Ticketon.kz)  сайты  онлайн дауыс беру арқылы Қазақстандық мәдениет, өнер және спорт бағыты бойынша  16 ақпан – 2  наурыз аралығында 6 санат, 18 негізгі номинация, 2 арнайы номинация бойынша 160 қатысушы арасында байқау өткізген болатын.  Онлайн дауыс беру нәтижесінде  «Жыл премьерасы» номинациясы бойынша  Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының “ҚҰЛАГЕР” спектаклі ЖЕҢІСКЕ жетіп, ЛАУРЕАТ атанды.

Патша көңілді көрерменнің дауыс беріп, қолдау көрсетуінің арқасында, “Құлагер” қойылымы үздік деп танылды. Барша мәртебелі көрермендерімізге алғыс айтамыз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!

 

 

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Театрымыздың қоржынында кезекті жүлде

admin

Роза апамыздың орындауында Т.Айбергеновтің шығармаларынан үзінді

admin

Жастар мен балалар театрына 70 жыл болды

admin