Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтарыЖаңалықтар

СТУДЕНТТЕР КҮНІН АТАП ӨТТІ

Балнұр АХМЕТ

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемле­кеттік академиялық балалар мен жасөс­пірімдер театрында Халықаралық сту­денттер күніне арналған «Айтылмаған махаббат» атты театрландырылған ән-думан кеші өтті. Концертті Рахман Омар мен Айгүл Иманбаева жүргізді.

Кеште театр әртістері театрландырылған қойылым­дарында Ромео мен Джульетта, Юнона мен Авосьтың мәңгілік махаббаты, суымас сезімдері туралы бір үзік сыр шертіп, көрермендерге рухани ләззат сыйлады.   Өнерпаздардың қайта­ланбас бақыт пен қайта айналмас уақыт туралы әдемі ән-жырлары көрерменді тебірентті, шаттандырды, бір сәтке жастық шаққа қайта оралғандай керемет күй кештірді. Әсіресе, Данияр Базарқұлов, Бейбіт Қамаранов пен Ернат Күншібаев, Ақмарал Дайрабаева орындаған әсем әндер мен жырлар көрермендерге жас­тық шақтың сұлулығын сезіндіріп, өмірдің керемет көктеміне ойша оралтты. Ал сұлу сезіммен өрілген сырлы кеш жастық шақтың жай­қалған жа­сыл бағында шат­танып жүрген студент­­терді ойландырып, «ма­хаб­бат, қызық мол жылдар­дың» әрбір сәтін бағалау қажеттігін түсін­дірді.

Махаббат туралы әсем әнге, жауһар жырға толы бұл мерекелік кеш тағылымды тарихы бар театрдың 70 жылдық мерейлі мерейтойы ая­сын­да сүйікті көрер­мендеріне жасаған та­маша тартуы іспетті. Өнегелі өнер орда­сының талабы таудай жастары өз өнерлерімен жиналған жұртшылықты тағы бір тамсандырды. Театр әр­тіс­тері сүйікті көрермендеріне деген ыстық ықыласын, жүректегі сырын өнер тілімен осылайша жеткізді.

Ақпарат көзі: http://almaty-akshamy.kz/2015/11/18/студенттер-күнін-атап-өтті/

Сәйкес жаңалықтар

Театрымыздың актрисасы Анар Əділованы үшінші рет ана атануымен шын жүректен құттықтаймыз! Сәбиінің бауы берік, өмір жасы ұзақ болсын!!!

admin

Ұстаздардың ауыр хәлі өнер сахнасына жол тартты…

admin

“Әріптер әлеміне саяхат”: Мүсірепов театры алғаш болып латын әліпбиін сахнаға шығарды

admin