Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

СТУДЕНТТЕР КҮНІН АТАП ӨТТІ

Балнұр АХМЕТ

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемле­кеттік академиялық балалар мен жасөс­пірімдер театрында Халықаралық сту­денттер күніне арналған «Айтылмаған махаббат» атты театрландырылған ән-думан кеші өтті. Концертті Рахман Омар мен Айгүл Иманбаева жүргізді.

Кеште театр әртістері театрландырылған қойылым­дарында Ромео мен Джульетта, Юнона мен Авосьтың мәңгілік махаббаты, суымас сезімдері туралы бір үзік сыр шертіп, көрермендерге рухани ләззат сыйлады.   Өнерпаздардың қайта­ланбас бақыт пен қайта айналмас уақыт туралы әдемі ән-жырлары көрерменді тебірентті, шаттандырды, бір сәтке жастық шаққа қайта оралғандай керемет күй кештірді. Әсіресе, Данияр Базарқұлов, Бейбіт Қамаранов пен Ернат Күншібаев, Ақмарал Дайрабаева орындаған әсем әндер мен жырлар көрермендерге жас­тық шақтың сұлулығын сезіндіріп, өмірдің керемет көктеміне ойша оралтты. Ал сұлу сезіммен өрілген сырлы кеш жастық шақтың жай­қалған жа­сыл бағында шат­танып жүрген студент­­терді ойландырып, «ма­хаб­бат, қызық мол жылдар­дың» әрбір сәтін бағалау қажеттігін түсін­дірді.

Махаббат туралы әсем әнге, жауһар жырға толы бұл мерекелік кеш тағылымды тарихы бар театрдың 70 жылдық мерейлі мерейтойы ая­сын­да сүйікті көрер­мендеріне жасаған та­маша тартуы іспетті. Өнегелі өнер орда­сының талабы таудай жастары өз өнерлерімен жиналған жұртшылықты тағы бір тамсандырды. Театр әр­тіс­тері сүйікті көрермендеріне деген ыстық ықыласын, жүректегі сырын өнер тілімен осылайша жеткізді.

Ақпарат көзі: http://almaty-akshamy.kz/2015/11/18/студенттер-күнін-атап-өтті/

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

20 11 Студия қонағы ЕДІЛ РАМАЗАНОВ

admin

ҚОЗЫ МЕН БАЯН БОЛЫП ТАБЫСҚАН…

admin

ЖАСТАР ТЕАТРЫ ҚАРТТАР ҮЙІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРА ӨТКІЗДІ

admin