Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

«МЫҢ БАЛА» ƏРТІСТЕРІ МҮСІРЕПОВ ТЕАТРЫНА НЕ БЕРЕ АЛАДЫ?

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры қазақ жастары арасында аса танымал актерлер Асылхан Төлепов мен Аян Өтепбергенді қатарға қосты. Жаңа маусымды жаңа басшымен бастағалы отырған театр жас актерлерге сенім артып отыр.

CPCsDmfVEAEXppmБелгілі сықақшы Сәбит Әбдіхалықов театр тізгінін ұстағалы көп бола қойған жоқ. Бұл да болса жаңа басшының театрға көрермен тартудағы бір жүрісі болса керек. Қазірдің өзінде Асылхан мен Аян — Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап дайындалып жатқан М.Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек!» поэтикалық дастанының басты рөлдеріне бекітіліп үлгерді. Қойылымның премьерасы 14, 15-ші қазан күндері болады.

Аталған қос сардар — Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының түлектері. Бірнеше фильмге түскен. Ақан Сатаевтың «Жау жүрек мың бала» фильмі арқылы көпшілік ықыласына бөленген қос актердың театр сахнасындағы өнерін алдағы уақытта көретін боламыз.

«Ұлт-ақпарат»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Театрымыздың көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген артисі – Мұрат Ахмановтың Жетісу телеарнасының “Монолог” бағдарламасына берген сұхбатын musrepov.kz-тен көре аласыздар. #БАҚбізтуралы #Жетісутв

admin

Мемлекеттік хатшы “Сахнагер-2017” Ұлттық театр сыйлығын тапсырды

admin

В Алматы празднует юбилей знаменитый Академический театр имени Габита Мусрепова Сюжет об этом знаменательным событии смотрите сегодня в программе #HEADLINER! Только на #HITTV

admin