Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтарыЖаңалықтар

«МЫҢ БАЛА» ƏРТІСТЕРІ МҮСІРЕПОВ ТЕАТРЫНА НЕ БЕРЕ АЛАДЫ?

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры қазақ жастары арасында аса танымал актерлер Асылхан Төлепов мен Аян Өтепбергенді қатарға қосты. Жаңа маусымды жаңа басшымен бастағалы отырған театр жас актерлерге сенім артып отыр.

CPCsDmfVEAEXppmБелгілі сықақшы Сәбит Әбдіхалықов театр тізгінін ұстағалы көп бола қойған жоқ. Бұл да болса жаңа басшының театрға көрермен тартудағы бір жүрісі болса керек. Қазірдің өзінде Асылхан мен Аян — Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап дайындалып жатқан М.Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек!» поэтикалық дастанының басты рөлдеріне бекітіліп үлгерді. Қойылымның премьерасы 14, 15-ші қазан күндері болады.

Аталған қос сардар — Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының түлектері. Бірнеше фильмге түскен. Ақан Сатаевтың «Жау жүрек мың бала» фильмі арқылы көпшілік ықыласына бөленген қос актердың театр сахнасындағы өнерін алдағы уақытта көретін боламыз.

«Ұлт-ақпарат»

Сәйкес жаңалықтар

Театрымыздың патша көңіл көрермендері‼️

admin

Мәкіл Құланбаев 500-ден аса рөлдерге дубляж жасаған (ВИДЕО)

admin

Астана Жастар театрының режиссері, актер, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Құрманғожаев Бекболат Болатжанұлын мерейлі мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!

admin