Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Әминаның күлкісі

Қазақ әйелдерінің болмысын қапысыз бейнелеген Әмина Өмірзақова апамыздың күлкісін қалай ұмытарсың?! Әйгілі актриса риясыз рахаттанып күлгенде әлем оның шапағатына шомылып тұрғандай болмаушы ма еді? Ұлттық кинематографияның дара келбетінің ең шынайы сәтін мәңгілікке есте қалдырған бір адам болса, ол — қоржынында талай қазынасы бар қызылордалық фототілші Болат Омарәлиев.

Фототілші Әмина апа­мыздың күлкісін түсі­ру үшін біраз әбігерге түскен көрінеді. Ғажайып рөлдерін айтпағанда, ең алғашқы Ленинградта өт­кен Бүкілодақтың кино­фестивальде «Ең үздік әйел рөлі» атағын жеңіп алған актрисаның шынайы күлкісін түсіріп алу үшін фототілші оны Қызылордаға гастрольдік сапармен келген сайын аңдиды.
– Кей суреттерді мен көпшілікке енді көрсетіп жүрмін. Кезінде жариялана қоймады. Ал мына суретті актрисаның өзіне көрсетудің мүмкіндігі бол­мады. Ол кісі Қызыл­ордаға келген сайын көрермендерімен кездесіп, қауқылдасып, тамаша кез­­десулер өткізуші еді. Оған қоса кезінде «Қазақ­фильм» киностудиясы Қы­зылорда өңірінде Әмина Өмірзақованың қа­тысуымен көркем фильм түсірді. Ол кісі басты рөлде ойнады.
Мен апайдың күлгенде ар жағынан жүрегі көрі­нетін сәтін түсіріп аламын деп, далада бір сағат­тай жүрдім. Жиын аяқта­лып, актриса сыртқа шыға бергенде, мектеп алдын­дағы бір баланың қы­лы­ғына рахаттана күлді де, тістері жарқ ете қалды. Мен фото­ап­паратты шырт ет­кі­зіп үлгердім. Жалпы, Әмина апаны Қызылорда өңіріне келген сайын түсіріп жүр­сем де, шығармашылық мақ­сатым орындалғаны осы еді.
Негізі әртістерді фотоға түсіру оңай, қалаған бей­неңді сомдап береді. Бірақ, шынайылықты фотообъективте ұстап қалу өте қиын, – дейді фототілші.

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

«ӨМІР СЫНАҒЫ» МЕН «ШАЛҒАЙДАҒЫ ОҚИҒА» ТЕЛЕХИКАЯЛАРЫ ҚОҒАМДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРЕДІ

admin

4 қараша күні театрымыздың бірқатар артистері мен қызметкерлері бастаған топ Алматы қалалық ардагерлер үйінде болып, көнекөз қарияларымызбен кездесіп қайтты.

admin

Рахман Омар, актер, тележүргізуші: Өнердің деңгейі көрермен санымен өлшенбейді

admin