Аида ЖАНТІЛЕУОВА, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы, «Серпер» жастар сыйлығының иегері:
Мемлекетті түбегейлі өзгертуге негіз қалайды.
– Бүгінгі күні Қазақстанның алдына қойып отырған басты мақсаты – әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосылу. Адамзат баласы дамып-өркендеудің үлкен бір шыңына жеткен сынды көрінетін ХХІ ғасырда даму, алға жылжу қай ел үшін де, соның ішінде Қазақстан үшін де оңайға соқпасы анық. Сондықтан құжатта атап өтілгендей, мемлекеттігімізді нығайтып, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызу үшін беріктік қорын жасап беруге бағытталған осы Ұлт жоспары халық үшін бағдаршам болмақ.
Мәселен, институттық реформаның бесiншi түрi «Есеп беретiн мемлекеттiлiктi қалыптастыру» деп аталады. Оны жүзеге асыру үшiн «Он нақты қадам» ұсынылған. Бұл қадамдардың әрбiрiн жүзеге асыру үшiн өз алдына дербес iс-шаралар кешенiн iстеп шығуға тура келедi. Қысқасы, «100 нақты қадам» елімізде «2050 стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын, «аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі емдеу» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайтын жоспар.
Ақпарат көзі: http://aikyn.kz/ru/news/show/19048-_lt_zhospary