Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтарыЖаңалықтар

“Мұз патшайымы” спектаклі қойылды

Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында “Мұз патшайымы” спектаклі қойылды.

Жаңа жыл қарсаңында көрермен назарына ұсынылған қойылымның алғашқы премьерасы мүмкіндігі шектеулі балалар мен көпбалалы отбасыларға қайырымдылық мақсатында тарту етілді. “Мұз патшайымы” музыкалық спектаклі Ганс Кристиан Андерсен мен Евгений Шварц ертегілерінің желісі бойынша жасалған. Қойылымға 1200-ге жуық жағдайы төмен балалар қатысып, адамзат пен табиғатты байланыстыратын тың туындыға тәнті болды. Одан соң Алмалы әкімдігі бүлдіршіндерге мерекелік концерт ұйымдастырып, жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.

Бауыржан Жақсымбет

Ақпарат көзі: https://qazaqstan.tv/news/120616/

Сәйкес жаңалықтар

Мүсірепов театрының актеры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қадырғазы Қуандықов ағамыз бен театр қызметкері, керемет жан Жібек Рахатова “БРИГАДА” комедиялық телехикаясының түсірілімінде. 9-қараша күні тұсауы кесілер туындыны 31 арнадан көре аласыздар.

admin

“Ер көжек”

admin

“Алтын сақа” балалар фестивалі жайлы

admin