Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 17, 18 маусым, сағат 18.30 У.Шекспирдің «Бір сен үшін тудым…» («Ромео мен Джульетта») трагедиясының премьерасына шақырады!
Қоюшы-режиссер – Жұлдызбек Жұманбай
Қоюшы-суретші – Нұржан Саменов
Хореограф – Карина Джиренбаева
Киім суретшісі – Назым Тоғжанова
Сахна сайысы – Мақсат Рахмет
Режиссердің ассистенті – Әсет Иманғалиев
Биыл У.Шекспирдің 400 жылдығы. Мәңгі махаббат бар жерде, мәңгі машақат бар. Әулет пен әулет, топ пен топ, тобыр мен тобырдың кесірінен қаншама махаббат құрбан болды. Бұл – ықылым заманнан бері келе жатқан ұлтқа бөлінбейтін адамзаттық ахуал. Шекспирдің «Ромео – Джульеттасы» да – солардың кебі…
Ақпарат көзі: http://massaget.kz/layfstayl/madeniet/teatr/38920/