Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары

Мүсірепов театрында «Баянсыз бақ» драмасының премьерасы өтті

13 қараша күні Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры сахнасында америкалық жазушы, драматург Вина Дельмардың шығармасы негізінде сахналанатын «Баянсыз бақ» драмасының премьерасы өтті.

Баянсыз бақ драмасының премьерасы

Қойылымда театр көрермендеріне жақсы таныс Лидия Кәден, Гүлжамал Қазақбаева, Сағызбай Қарабалин, Рахман Омар, Сафуан Шәймерденов, Әсет Иманғалиев, Жанар Мақашева, Гүлбаһрам Байбосынова, Аида Жантілеуова сынды театр артистерінің актерлық ансамблі өнерсүйер қауымға ерекше рухани демалыс сыйлады.

Спектакль режиссекрі Фархад Молдағали.

Баянсыз бақ драмасының премьерасы

Кез-келген ұлттың өздеріне ғана тән сан алуан ерекшеліктеріне қарамастан, бір-біріне жақындығы мен ұқсастығын көрсететін ортақ тақырып, ол – мейірімділік, әсілі, ата-анаға деген құрмет, оларға қамқор болу, қартыңды ардақтау мәселесі…

Өстік… Жетілдік… Қара шаңырақтан алыстадық… Ұлымыз – ұяда, қызымыз – қияда… Жаратушының, бізге бұйыртқан БАҒЫН БАЯНСЫЗ етіп жүрген жоқпыз ба? Осында ойға жетелейтін сауалдарға жауап іздейтін драмадан көрермендердің көкірекке түйіп қайтқаны көп болды.

Ақбота Жумаканова

Қаскелең мәдениет колледжінің арнайы пән оқытушысы

Ақпарат көзі: https://qamshy.kz/article/61359-musirepov-teatrynda-bayansyz-baq-dramasynynh-premerasy-otti

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Иронично о серьезном В ТЮЗе имени Мусрепова состоялась премьера комедийного спектакля «Супер Серкеш»

admin

Сен менің…

admin

«Құлагер» – плакаттық қойылым емес

admin