Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
  • Басты бет
  • Мекеме жаңалықтары
  • Ғ.Мүсірепов театрына Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Марат Камзолдаев келіп жобалық кеңсенің алдағы жұмыс жоспары талқыланды.
Мекеме жаңалықтары

Ғ.Мүсірепов театрына Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Марат Камзолдаев келіп жобалық кеңсенің алдағы жұмыс жоспары талқыланды.

Бүгін Ғ. Мүсірепов  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  академиялық балалар  мен  жасөспірімдер  театрына Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Марат Камзолдаев келіп жобалық кеңсенің алдағы жұмыс жоспары талқыланды. Кездесуде театрымыздың әкімшілік-басқару мүшелері: театр басшысы Азамат Сатыбалды, директордың орынбасарлары, және «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Нүсіпәлі Ұлан және басқару бөліміндегі басқа да жауапты мамандар қатысты.

Жобаның басты мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және театр қызметкерлері мен көрермендер үшін қолайлы жағдай жасау.  Мемлекеттік ұйымдардың жұмысы ашық болуға тиіс. Ол үшін ауқымды қоғамдық бақылау енгізілуде. Осы орайда аталған және көптеген мәселелер туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Марат Камзолдаев айтып өтті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

“Махаббат хаттары” драмасының режиссеры Жұлдызбек Жұманбай және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Тынышкүл Сұлтанбердиеваның сұхбаты “Қайырлы күн” бағдарламасында

admin

Сұлу Көкше төрінен келе жатқан əріптестерді күтіп алу рəсімі. Құрметті, əріптестер! Келген қадамдарыңызға гүл бітсін!

admin

Тұсаукесер! 14 ақпаннан бастап «Қызық екен…» жобасы эфирге шығады

admin