Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Ғ.МҮСІРЕПОВ ТЕАТРЫ ТҮРКИЯДА ӨТЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬГЕ АТТАНДЫ

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры  26 сәуірде Түркияның Конья қаласында болатын “Мың бір тыныс және бір дауыс” атты Халықаралық театрлар фестиваліне аттанды, – деп хабарлайды «Қамшы»порталы театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркияның төрт театрынан бөлек, Әзірбайжан, Молдава, Болгария, Македония, Кипр, Грузия, Қытай мемлекеттерінің өнер ошақтары қатысатын фестивальге Қазақстанның атынан Ғ. Мүсірепов атындағы театр ұжымы жолдама алған болатын.

Биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған Халықаралық фестивальге театр ұжымы Г.Хугаевтың “Қара шекпен” қойылымын дайындаған. Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров. Рөлдерде ойнайтындар:  Данияр Базарқұлов, Әсет Есжан, Еділ Рамазанов, Жанар Мақашева, Сәния Ерзат, Дархан Сүлейменов, Ерлан кәрібаев, Гүлбахрам Байбосынова, Ербол Садырбаев, Ербол Идрисов және  Гаухар Сағынғалиева, Толқын Нұрбекова, Қуаныш Тұрдалин, Мөлдір Қонысқызы, Динара Шымырбаева, Елдар Отарбаев.

“Жер бетін мекендейтін он сегіз мың ғаламның ішіндегі ең құдіреттісі де, ең әдемісі де – Адам”… Ал, Біз, дәл осындай “дәрежеге” расымен, лайықпыз ба?!

Кез-келгеніміздің бойымызда бар өзімшіл қасиеттер басым түсіп, жан азығынан мақұрым қалған адамдай адамдық қасиетіміз жойылып, кейде хайуанға айналып бара жатқанымызды өзіміз де байқамай жатамыз…»
Дәл осы сауалдарға жауап іздейтін “Қара шекпен” қойылымы – түркітілдес халықтардың зор ықыласына бөленеді деген сеніммен, театр ұжымына сәттілік тілейміз!», – делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

«Қамшы» сілтейді

12974380_928889273895829_5515862332551334385_n IMG-20160420-WA0014 IMG-20160420-WA0015 IMG-20160420-WA0017

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ғ.МҮСІРЕПОВ ТЕАТРЫ ҮШІНШІ РЕТ ГРАН-ПРИ ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ

admin

Сахна сырлары бағдарламасы “САХНАҒА ҚҰШТАРЛЫҚ”

admin

Ғ.Мүсірепов театры 71-ші маусым 2016 жыл Желтоқсан айының репертуары

admin