Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Мүсірепов театры «Бір түп алма ағашы» драмасын ұсынбақ

Күтімсіз гүл де солады, ағаш та қурайды.

Мейірім нәрін молынан сіңірген мәуелі ағаш жемісін көбірек салады. Күретамырдан тараған қуат күшін әр бұта өзіне қажетті мөлшерде ғана қабылдай алмаса, жапырақ сарғаяды, бұта да сынады, алып ағаш та құлайды. Адам да солай… Береке-бірлік, татулық болмаған отбасында жүректің жылуы қайдан болсын?!

“Өмір… Өмір… Өмір бәрібір өз дегенін істемей қоймайды. Тағдырмен күресу үшін, таусылмас күш, талмас қажыр-қайрат керек.

Адамдар ержетіп, шаңырақ көтеріп бөлек шыққан соң бір-бірінен суынып, бауырлар бөтенсіп кетуі керек пе? Ондай заңды кім шығарды?! Әлде, бұл – табиғаттың заңы ма?.. Олай болса, ондай заңның көк тиынға керегі не?!..”

Құрметті көрермен!

Міне, осындай сұрақтарға жауап іздегіңіз келсе, оқиға төркіні бір отбасының төңірегінде өрбитін “Бір түп алма ағашы”  драмасын көруге келіңіздер!

Ақпарат көзі: https://baq.kz/kk/cultcenter/post/571

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Сахнада – «Райымбек, Райымбек!»

admin

14 қараша күні көптен күткен кеш өз деңгейiнде өттi. Нағыз актердiң iшкi жан әлемiн, көрермендерге деген шынайы сезiмiн, махаббатын жеткiзуге тырысқан әдемi, әсерлi, ұмытылмас кеш болды. Олар көрермендерiне айтпайды махаббатын… сезiндiредi, бiлдiредi. Лирикалық кешпен басталып, көрерменнiң бiразын мұңға батырып барып, әдемi әзiлмен қыран-топан күлкiге қарық қылды. Бүгiнгi кеш – әртiстер мен көрермендердi бiр-бiрiне жақындата түскен ерекше кеш болды. Олар көрермендерге шынайы махаббатын сездiрсе, көрермендер олар күткен риясыз сүйiспеншiлiкпен қол соқты. Ризалығын бiлдiрдi. Барлығыңызға үлкен рахмет! Еңбектерiңiз жансын! Бiз сiздердi жақсы көремiз!

admin

Театрымыздың актрисасы ҚР еңбек сіңірген артисі Гүлжамал Қазақбаеваның орындауында М.Мақатаевтың “Сен менің” поэзиясы.

admin