Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
  • Басты бет
  • БАҚ жаңалықтары
  • Мүсірепов театры Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап, Райымбек! Райымбек! тарихи драмасын сахналайды
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Мүсірепов театры Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап, Райымбек! Райымбек! тарихи драмасын сахналайды

Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры мерейтойлық 70-ші маусымының ашылуына орай 2 бірдей Премьераны көрермен назарына ұсынбақ. “Алтын мүйізді киік” және Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап, М.Мақатаевтың “Райымбек! Райымбек!” поэтикалық тарихи драмасын сахналайды
«Алтын мүйізді киік» (Халық ертегілерінің ізімен, балаларға ертегі). Авторы және режиссері – Е.Әбдірешов.
Ертегідегі негізгі кейіпкер – Ертегінің өзі. Ғайыптан келген кейіпкер қазіргі балалардың қиялына еніп, оларды ертегілер әлеміне саяхат жасатады. Шым-шытырық оқиғалармен араластырып, барлық ертегінің түпкі айтар ойын бірге табуға шақырады. Ойнақы болса да ойға жетелей отырып, бала көңілін жақсы әсерге бөлейді. Ертегі өз патшалығының жарлығын жеткізу үшін әбден әуреге түседі.
Аяғында, барлық балаларды адамгершілік пен мейірімділікке, табиғат-ананы аялауға шақыратын жарлықты жеткізеді. Тәрбиелік мәні ерекше бұл ертегінің бүлдіршіндер мен балаларға берері мол, әсері зор.
image-03-10-15-12-21Ал Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған М.Мақатаевтың “Райымбек! Райымбек!” поэтикалық тарихи драмасын ұсынады.
Режиссері мен инсценировкасын жасаған ҚР еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері
Еліміздің азаттығы жолында қан кешіп, кең байтақ жерімізді қорғаған батыр-баһадүрлеріміз аз емес. Қазақ елінде ұрпаққа тарихымыздан тағылым бере алатындай тұлғаларымыздың қатарында қасқайып тұрар батырларымыздың бірі – Райымбек. 13 жасынан атқа қонып, батырлық пен әулиелік қатар дарыған қасиетімен танылған батырдың, бозбала шағынан жігіт шағына дейінгі ерліктерін, ерекшеліктерін сүбелі суретпен күрделі шиеленістер арқылы айшықтайтын драма.
«Елім-айлаған» елдің зарын, «Ақтабан шұбырынды», «Зар-заманның» үні, «Ақтандақтардың» ізі, «Ашаршылық», ұлт үшін қасақана жасалған қырғындар, міне, осының бәрін өн бойына арқау еткен «Райымбек! Райымбек!» спектаклінің жүгі ауыр екенін бүгінгі ұрпақ білуі тиіс.

Ақпарат көзі: http://baq.kz/kk/cultcenter/post/368

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Актер болу оңай ма? Кейіпкер: Жанар Мақашева

admin

ТЮЗ 70 жылдықтарын атап өтті

admin

16 қараша күні театрымыздың артисі, Халықаралық театрлар фестивалінің лауреаты, киноактер – Данияр Базарқұловтың туған күні! Шын жүректен құттықтаймыз! Деніне саулық, отбасы мен жақындарына амандық, еңбегіне жеміс, шығармашылық жеңіс, биік шыңдар тілейміз!!!

admin