Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Мәкіл Құланбаев 500-ден аса рөлдерге дубляж жасаған (ВИДЕО)

Мәкіл Құланбаевтың театр училищесіндегі алғашқы ұстазы Ольга Пыжова болыпты. Ал, театр  өнеріне кәсіби түрде баулыған ұстазы – Асқар Тоқпанов. Жас актердің сахнадағы алғашқы рөлі – Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш Баян сұлуындағы» Қодардан бастау алды.

Кейін Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебегіндегі» Есен, «Ақан сері – Ақтоқтыда» Науан хазірет сияқты үлкен рөлдерде шебер ойнап, өзін шыңдай түсті.

Мәкіл Құланбаев «Менің атым – Қожа» фильміндегі Қаратай рөлі арқылы кеңінен танылды. Бұдан кейін «Қилы кезеңде», «Атаманның ақыры», «Қош бол, Медеу», «Қауын» сынды оннан аса көркем фильмде түрлі рөлдерді сомдады.

ҚР Еңбек сіңірген әртісі Кәдірбек Демесін «Мәкіл ағаның фантазиясы ғажап болатын. Алғашқыда  образы көрерменге әсер етпейтіндей, сырттай қарағанда сенімсіздеу көрінгенімен, біраз көз үйретіп қарасаң, бәрібір сол айтылатын ойдың бойынан табылады. Тереңнен тартады»,-деп еске алады.

Мәкіл Құланбаев кинода 50-ге тарта рөлдерді сомдаған. Ал, теледидар мен радиода жүріп, 500-ден аса рөлдерге дубляж жасаған.

Ақпарат көзі: http://kaztv.old3.kaztrk.kz/kz/news/portal/mekil-kulanbaev-500-den-asa-rolderge-dublyazh-zhasagan-video

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

30 қараша дәл қазiргi сәт. Бiздiң театр эстрада жұлдыздырынан құралған “Алатау” командасын жеңдi. Ендi Әуезов театрының командасымен ойнауда! Алғаааа, Мүсiрепов театры!!!

admin

Өнер адамдары арасындағы Волейбол жарысы! ТЮЗ Алға! Алла жар болсын!!! Жанкүйерлер!

admin

ТЮЗ 70 жылдықтарын атап өтті

admin