Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтарыЖаңалықтар

МҰҚАҒАЛИДЫҢ ҰЛЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ

Ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының  «Кейіпкер келбеті» мейман бұрышында ақынның ұлы –Жұлдыз Мұқағалиұлы және «М.Мақатаев атындағы халықаралық қоғамдық қорының» төрайымы – Бақыткүл Қыдырбайқызымен кездесу кеші өтеді, – деп хабарлайды«Қамшы» порталы.

Кездесу кеші 9 ақпан күні өтеді. Кеш соңында театр репертуарындағы жаңа туынды М.Мақатаевтың «Райымбек! Райымбек!» (Реж. ҚР еңбек сіңірген артисі – Мұрат Ахманов) поэтикалық дастаны назарларыңызға ұсынылады. Мұқағали рөлін Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Бейбіт Қамаранов, Райымбек бейнесін Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Асылхан Төлепов сомдамақ.

“Қамшы” сілтейді

 

Сәйкес жаңалықтар

Алматыда І Республикалық жас режиссерлер фестивалі өтеді

admin

2-желтоқсан күні сағат 18.30-да “Желтоқсан желі” драмасы сахналанады. 1986 жылдың əлі күнге дейін жадымызда жаңғырған ызғарлы күнінде Орталық алаңға шыққан жастар – қыз бен жігіттің қан жоса тағдыры, олардың адамның бойы мен жанын мұз қарыған сондай ауыр шақтарда бірін-бірі құрсауда тастамай, бір-біріне пана болуы… Сондай, оларды қала қарттары Баймырза мен Талшынның үйін тасалауы көрініс табады. Намысты ту еткен қазақ жастарының жүрекжарды тілегін тыңдауды қорсынған “жүйе” оларға зорлық-зомбылық көрсетіп жатты. Ұрды, соқты, сүйреді… намыстарына тиді. Осының бəрі – бір спектакльдің өне-бойына Өнер тілімен сыяды. Құрметті көрермен, театрға келіңіздер!

admin

Әсет Иманғалиев және Дархан Сүлейменов Жаңа күн бағдарламасының “Жұлдызды жаңалықтар” айдарының қонақтары

admin